Геннадий Головкин, Әлем чемпионаты, Фрилансерлер.3-ші желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Геннадий Головкин мен орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгияның жекпе-жегі жақын арада өтпейтін болды.

«Мунгия бұған дейін BoxingScene.com -ғаWBC орта салмақтағы чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) және WBA/IBF біріккен чемпионы Геннадий Головкинмен үлкен жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы айтқан болатын.

Соңғы нұсқа бойынша жекпе-жектің өтуі екіталай. Өйткені Головкинге (42-2-1, 37 КО) екі міндетті титулды қорғау жүктелген. IBF рейтингісіде бірінші Эскива Фалькаомен келіссөздер жалғасып жатыр. Содан кейін жеңімпаз WBA-ның міндетті қарсыласы және кіші чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін бұл жекпе-жекке тапсырыс берілген болатын. Алайда рұқсат етуші органдар Фалькаоға ротацияда бірінші болуға рұқсат берген кезде жекпе-жек кейінге қалдырылған», – деп жазылға материалда.

Соңғы нұсқа бойынша жекпе-жектің өтуі белгісіз болып тұр.😯

2️⃣ Былтыр елімізде 1 млн астам адам фрилансер болып жұмыс істеген.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановская мәлімдеді.

«Бүгінде фриланс қызметі әлемде трендке айналып үлгерді. Уақыт санап оған сұраныс артып келеді. Себебі, жұмыс беруші үшін фрилансер қызметі ыңғайлы. Уақытша жұмыс үшін штатқа маман алып, оны рәсімдеудің қажеті жоқ. Біз бұл салаға да талдау жүргіздік. Бүгінде фрилансерлер заң бойынша жеке табыс салығын төлеп, зейнетақы қорына жарна аударады. Сонымен қатар, олар әлеуметтік аударым жасайды», – деді Александра Молчановская «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама» атты онлайн-конференцияда.

«Оның ішінде 208 мың адам үшін фриланс басты табыс көзі болған. Ал, 820 мың отандасымыз фриланстан басқа жұмысты қоса алып жүрген. Елімізде фрилансерлердің орташа жалақысы – 256 124 теңге. Аталған қызмет, әсіресе білім беру, сауда, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамту саласында жиі қолданылады», – дейді ол.

Олардың басым бөлігі білім беру, сауда, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамту саласында жүр👍🔥

3️⃣ 2022 жылы футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңінен кейін сұрмергендер көшін үш гол соққан бес футболшы бастап тұр.

Дүбірлі додада қазірге дейін барлығы 90 футболшы гол соғып үлгерді. Олардың арасынан англиялық Маркус Рашфорд, испаниялық Альваро Мората, франциялық Килиан Мбаппе, нидерландтық Коди Гакпо және эквадорлық Энвер Валенсия үш мәрте қақпаны дәл көздеді.

Кім футбол тамашалап жүр?🤔