Геннадий Головкин мен Соуль, энергетикалық сусындар, жаңа облыстар. 22-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 июня, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Аталмыш жекпе-жекке билеттер сатыла бастады.

Бұл туралы жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.

Билеттің ең төмен құны — 137.000 теңге.

Жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.

2️⃣ Жаңадан құрылған үш облыстың автокөлік номері белгілі болды.

“Мемлекеттік тіркеу нөміріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпби тәртібімен беріледі. Осыған байланысты жаңадан құрылған үш облысқа мемлекеттік нөмірлердің өңірлік кодтарын мынадай тәртіппен белгілеу ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19 және Ұлытау облысы — 20″, — делінген ресми хабарламада.

🚘 Жаңа облыстың тұрғындары бар ма?)

3️⃣ Қазақстанның санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті энергетикалық сусындардағы консервант нормадан асып кеткенін жариялады.

Яғни, аталмыш сусындарда натрий бензоатының рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін анықталды.

Ал сен энергетикалық сусындарды жиі тұтынасың ба?🤔