Гимназиада, Ираклион қаласы, Дмитрий Бивол. 23-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 мая, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік гимназиадада 3-орын иеленіп, үздік үштікке енді.

Естеріңе сала кетейік, аталмыш ойыннан еліміз 85 медаль жеңіп алған болатын. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.

2️⃣ 1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады. Әуе рейстерін Air Astana компаниясы іске қосады.

Рейстер екі қалада аптасына үш рет орындалады.

Ал сен әлемнің қай елдерінде болдың?)

3️⃣ Сауль Альварестің ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілуіне байланысты қыркүйекте Головкинмен жоспарланған жекпе-жек өтпеуі мүмкін. Себебі Канело Биволмен мүмкіндігінше тезірек реванш өткізуге дайын екенін хабарлады.

Естеріңе сала кетейік, мексикалық «Канело» биылғы қыркүйек айында Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын.