Гимназиада, Метро, Қайратхан Шоңқу. 12-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 мая, 2022


🇰🇿 Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысады. Мұнда әлемнің 70 елінен 3,5 мыңнан астам оқушы бақ сынасады. Ал еліміздің атынан 234 оқушы өнер көрсетеді.

Дүниежүзілік гимназиада туралы хабарың бар ма?

🚇 Алматы метросының екі жаңа станциясы маусым айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұлар — «Сары-Арқа» және «Момышұлы» станциялары.

Ал сен метроға мініп көрдің бе?)

🥇Қазақ балуаны Қайратхан Шоңқу Бразилияда өтіп жатқан XXIV Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша алтын жүлдені жеңіп алды.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!👏🏻