Гиннесс, Универсиада, Тамара Дүйсенова. 14 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Елордадағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Назарбаея зияткерлік мектебінің хабарлауынша, онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті. Зияткерлердің орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

Керемет!😍🔥

2️⃣ Қысқы Универсиадада қазақстандық жұп мәнерлеп сырғанаудан 10-орын алды.

Мұз үстінде билеуден жұптық сайыста еліміздің атынан Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев ел намысын қорғады. Олар 53.08 балл жинап, оныншы орынға тұрақтады.

Аталған сайыста бірінші орын АҚШ атынан сынға түскен Лоррен Макнамара мен Антон Спиридоновке бұйырды, олардың еншісінде 69.12 балл бар. Екінші орын 68.72 баллмен франциялық Мари Дюпайяж бен Тома Набе жұбына бұйырса, сол елден келген Наташа Лагуж және Арно Каффа 68.21 баллмен үздік үштікті түйіндеді.

Аталған сайыста барлығы 13 жұп сынға түсті.
Енді Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев 16 қаңтарда еркін бағдарлама бойынша сынға тсүеді.

Құтты болсын!👍

3️⃣ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жастарға арналған грантқа кез келген бизнес ашуға болатынын жеткізді.

Министрдің айтуынша, 2,5 проценттік кредит 35 жасқа дейінгі адамдарға ғана беріледі. Олар заң бойынша жастар санатына жатады. Жұмысы бар ма, жоқ па, оған қарамайды.

«Ондай кредиттер жұмыс істейтін, істемейтін және оқитын жастарға беріледі. Ешқандай шектеу болмайды. Былтыр жергілікті атқарушы органдар жақсы тәжірибе өткізді. Алдымен конкурс ұйымдастырылады. Әрбір адам өзінің бизнес-жоспарын таныстырады. Қолдау тапса, ақша бөлінеді», – деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, кредит нақты бір салаға арналмаған. Оны алғысы келетін адам кез келген бизнес аша алады. Басты талап – сұраныстың болуы.

Ал сен грантқа өтініш бересің бе?🤔