Головкин, Қайрат, Саусақ ізі. 26 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!

1️⃣ «Қайрат» командасы футзалдан 17-ші рет Қазақстан кубогын иеленді.

Финалда алаңға алматылық «Қайрат» пен ақтөбелік «Рахмет» клубтары бақ сынады.

«Қайрат» қосымша уақытта Ақтөбенің «Рахмет» командасын 5:3 есебімен жеңді.

Спортшылар үшін бұл – қатарынан тіркелген 10-шы жеңіс.

Қайрат жанкүйерлері бар ма?😍
Құтты болсын!👏🏻

2️⃣ Қазақстанда саусақ ізін тапсыру тағы бір жылға шегеріледі.

Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Талқылаудан кейін заң жобасын түзетулерімен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

«Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажет болды.

Саусақ ізінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосу шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты жағдайға байланысты оны толық көлемде іске қосуды 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру ұсынылды», – деді сенатор Нұрлан Бекенов.

Жоба 2023 жылы басталуы керек еді.📌Бұл жаңаша өзгеріске қалай қарайсың?

3️⃣ Головкиннің Муратаға сыйлаған шапаны музейге қойылды.

Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстегі жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты.

Тамаша!🔥🔥🔥