Головкиннің жекпе-жегі, Эмир Байғазин, Жәмила Бақбергенова.16-шы қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Димаш Құдайберген Головкиннің жекпе-жегі алдында Қазақстанның әнұранын орындайды.

Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Дәстүр бойынша жекпе-жек басталар алдында екі елдің әнұраны айтылады. Жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Керемет емес пе, иә?😍

2️⃣ Қазақстан кинорежиссер түсірген Эмир Байғазиннің «Өмір» атты фильмін «Оскарға» ұсынды.

Қазақстанның Оскар комитеті шешімімен Эмир Байғазин түсірген «Өмір» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» ұсынылды.

Байғазиннің жаңа фильмінің әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивалінің «Заманауи әлем киносы» секциясында өтті, деп хабарлайды мәдениет министрлігі.
Сюжет бойынша Арман есімді жігіт мерекелік шараларды видеоға түсіретін және монтаждайтын компанияға жұмысқа орналасады. Көп ұзамай ол компания жұмыс істеп жатқан барлық материалдың жоғалып кетуіне кінәлі болады.

Жігітке барлық материалды қалпына келтіруге және шығынды өтеуге бірнеше күн беріледі.
Фильм әдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.
Айта кетері, 95-ші рет берілетін Академия сыйлығына үміткерлер тізімі 2023 жылдың 24 қаңтарында жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылдың 12 наурызында өтеді.

Оскарды жеңіп алайық!🙌🏻👏🏻

3️⃣ Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Азияның екі дүркін чемпионы 72 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміс жүлде алып отыр.

Осыған дейін 60 келіге дейінгілер арасында Айдос Сұлтанғали құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Қола медаль үшін өткен бәсекеде Сұлтанғали венгриялық Кристиан Кечкеметиден айласын (7:1) асырған.

Құтты болсын!💐💐💐