Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ 10 жастағы қазақстандық Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды.
Мысырдың Шарм эль Шейх қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Данис Қуандықұлы 10 жасқа дейінгі балалар арасында бірінші орынды жеңіп алды.
FIDE баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шарм эль Шейх қаласында кадеттер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.
Алты категория бойынша өткен жарыс 16 қазанда басталып, 26 қазанда мәресіне жетті.
Шараға 66 ұлттық федерация атынан 502 жас ойыншы қатысты.
Әлем чемпионы атану үшін Данис соңғы турда ресейлік Николай Клейменовпен ойнады.
Данис Қуандықұлы қарсыласымен тең ойнап, мақсатына жетті.
10 жасқа дейінгілер арасында екінші орын америкалық Итан Гуоға, қола медаль шотландық жеткіншек Супратит Банержиге бұйырды.
Кішкентай қазақстандықтың жетістігі ерекше назар аударуға лайық.
Данис Қуандықұлы алғаш рет кадеттер арасындағы турнирде Қазақстанға алтын медаль әперіп отыр.
Шахмат әлем чемпионатының тағы бір медалін — қоланы қазақстандық Айару Алтынбек алды.
Жеңіс құтты болсын!👏🏻
2️⃣ Google акцияларының сатылымы бір түнде Disney құнына сәйкес шығынға ұшырады.
Dow Jones Market Data мәліметтері бойынша, Alphabet Inc акцияларының жаппай сатылуы бір түнде өзінің нарықтық құнынан 166 миллиард доллардан астам (157 миллиард еуро) шығын әкелген.
Marketwatch ақпараттарына сәйкес, бұл Nike (157,58 миллиард доллар) және Disney (147,46 миллиард доллар) акцияларының құлдыруын басып озды.
Ал аталмыш жағдай американдық компания тарихында бір күн ішіндегі бесінші ең жоғары рекордтық төмендеу.
Компания Alphabet кірісі туралы есеп бергеннен кейін акциялары бірден 9,5%-ға төмендеді. Операциялық пайда 434 миллион доллар болжамымен салыстырғанда 266 миллион долларды құрады.
Alphabet кірісі туралы есеп бергеннен кейін, олардың акциясы бірден 9,5%-ға төмендеген.😮
3️⃣ Енді елімізде білім грантын ұтып алған сарбаздарға стипендия төленеді.
Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, қорғаныс министрлігі сарбаздарға білім алу бойынша жеңілдіктер спектрін кеңейту бағытында белсенді жұмыс жасап жатыр. Мәселен, қазір Мәжіліс депутаттары бастамасымен қолға алынған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Үкіметтің қарауында. Оған сәйкес «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында алғаш рет «әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» бөлігі қарастырылады.
Сонымен қатар сарбаздарға стипендия төленіп, жатақханамен қамтылады. 📌