Грант, Құдаша әні, Баспана. 9 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан 550 доллар грант ұтып алды.

Олар республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков.

Оқушылардың айтуынша, олар жасанды интеллект негізінде стартап-жоба әзірлеген.

«Whoock – клиент үшін мәтіндік хабарламаларға негізделген қызмет жүйесін дамыта алатын веб-сайт генераторы және редакторы. Ол заманауи дизайнмен толық веб-сайт жасай алады. Яғни, сайтты жасап, клиенттің сұранысына сай орындау жасанды интеллектпен байланыс арқылы жүзеге асады»,– дейді оқушылар.

Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар.
Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асырып жатыр.
Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Whoock-пен толыққанды веб-қосымша әзірлейтін мүмкіндік болады.
«Платформа орта есеппен бір жарым минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам өз платформасына тегін қол жеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады», — дейді оқушылар.
Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub-тан өткеніне қуанышты, Арсен мен Владимир ұтып алған қаражатты өз жобасын дамытуға жұмсамақшы.

Құтты болсын!👍🔥

2️⃣ «Гауһартас» спектакліндегі «Құдаша» халық әні Қытайда да хитке айналды.

Бұл туралы sputnik.kz мәлімдеді. 6-17 ақпанда «Гауһартас» музыкалық премьерасы Астанадағы жас көрермендер музыкалық театрында көрсетілді. Сол премьераға дайындық барысында он шақты күн бұрын театр әртістері халық әні «Құдаша» әнін орындап әрі билеп «Тик-ток» әлеуметтік желісіне түсірген.

Санаулы сағатта ән мен би миллионнан аса қаралам жинап, хитке айналды.

«Құдаша» халық әні «Гауһартас» қойылымының көрінісінде орындалады. Тек бір ғана видеосы 1,5 млн қаралым жинапты. Ал қалған видеолар 600 – 700 мыңдай адам көріпті. Әртүрлі әлеуметтік желіде тарап жатыр әлі де. Біздің бейнежазбаны белгілеп, солай ән айтып, би билеп салып жатқан мекемелер өте көп. Соның бірі – Қытай еліндегі жастардың бейнежазбасы», – дейді Астана қаласы жас көрермендер музыкалық театрының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Әділғазы Кереев.

Ал сен спектакльді тамашалап па едің?😍

3️⃣ Қазақстанда баспана бағасы өсті.

📌 Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалсы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:

* Семей – 41%;
* Қызылорда – 39,9%;
* Ақтөбе – 36,9%;
* Ақтау – 35,4%;
* Қостанай – 30,9%.

Тұрғын үйді жалға алу бойынша:

* Көкшетау – 53,7%;
* Қостанай – 51,9%;
* Алматы – 49,6%;
* Петропавл – 49,3%.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.