Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Талапкерлер үшін грантқа өтінім берудің аяқталуына бір күн қалды.
20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың). ️
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (25 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (13 мың) қалып отыр. ️
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» — 11 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» — 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», оны 4 мың талапкер таңдаған. ️ Талапкерлердің назарына, грант конкурсына өтініштер қабылдау барлық өңір талапкерлері үшін 24 шілдеге дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Ал сіз құжат тапсырып үлгердіңіз бе?
2️⃣ “Наурыз” бағдарламасы бойынша кредиттік өтінімді онлайн жолдап, заемды онлайн рәсімдеуге болады.
Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) жаңа тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына, жалпы өзінің барлық клиенттеріне тұрғын үй сатып алу мақсатымен бөлімшелерге бармау үшін қолайлы жағдай жасап қойған. Онлайн-ипотека уақыт үнемдеуге және банк филиалдарында ұзын-сонар кезекте тұрмауға мүмкіндік береді.
Бұл қызметті пайдалану арқылы қаражатыңызды да үнемдей аласыз. Себебі, заемды қашықтан рәсімдеу кезінде кредиттік өтінімді қарастыру үшін ақы алынбайды. Ал несие беруді ұйымдастыру қызметі үшін банк қарыз алушыға 50% жеңілдік беріледі.
Төлем қабілеттілігін тексеруден бастап несие алғанға дейін клиентті жеке менеджер сүйемелдеп жүреді.
Ол қолдау көрсетіп, кеңес беру үшін әркез байланыста болады.
Сервисті пайдалану үшін бейнебанкинг қызметі арқылы Отбасы банкінің ресми сайтында немесе Баспана маркет порталындағы (otbasybank.kz) жеке кабинетте бейне операторға қоңырау шалу қажет.
Жақсы мүмкіндік!📌
3️⃣ Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды.
Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған додада Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.
Қазақстан командасының құрамы:
Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.
Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.
Жеңіс құтты болсын! 🔥