Грант, Қонаев, Томирис.18 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Желтоқсан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Өзбекстан қазақстандық студенттерге мемлекеттік грант бөлді

Бұл туралы «Хабар 24» мәлімдеді.

Қазір оқу орнында 80-ге жуық шетелдік білім алады. Соның бесеуі – қазақстандық. Биыл оқуға қабылданып, қызмет көрсету саласы бойынша біліктілігін арттырып жүр. Ай сайын шәкіртақы алады. «Келер жылы да талапкерлерге есік ашық», – дейді университет ұжымы.

Оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Орталық Азия бойынша тек туризм саласына негізделген жалғыз оқу орны.
Айта кетері, біздің ел де екіжақты келісімдер негізінде Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік грант бөледі.

«Былтыр президентіміз Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер азаматтарына 85 грант бөлуді тапсырған болатын. Магистратура бағыты бойынша осы елдерден 78 студент білім алып жүр. Қабылдау әлі де жалғасады. 10 қаңтарға дейін Қазақстан азаматтары құжаттарын тапсыра алады. Шәкіртақы 500 доллар көлемінде. Қосымша ынталандыру түрлері де бар», – дейді «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің бөлім басшысы Ирина Мұхамедназарова.

Студент Гүлхайо Сайдахметова болашақта Қазақстанда туризмді дамытуды көздеп отыр. Қазақстанда туристік агенттік ашуды да жоспарлап қойған.

Енді отандастарымыз Самарқандтағы халықаралық туризм университетінде тегін білім алып, магистрлік дәрежеге ие бола алады.😍👍

2️⃣ Алматыда Қонаевты еске алу марафоны өтті.

Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігі хабарлады.

Оған Алматы марафон клубының мүшелері мен ниет білдірушілер қатысты. Әуесқой спортшылар Бөгенбай батыр көшесімен 100 метрге жүгіріп өтіп, автобусқа отырды. Марафон Алматының шетінен Қонаев қаласына дейін жалғасты.
Ұзындығы 75 км. Командалық жарыста қатысушылар бір-бірін алмастырып отырды. Ең жас қатысушы 14 жаста, ал ең үлкені 83 жаста.

Ал сен марафонға қатыстың ба?🤔

3️⃣ Сауд Арабия көрермендері «Томиристі» соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильм деп бағалады.

Сауд Арабиясында дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтті.

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина елдері қатысты.

Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.
Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлердің ойынын жоғары бағалады.

Керемет!👏🏻👏🏻👏🏻