Грант, Құран, Маиематик. 26 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 Шілде, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстандық оқушы Әли Насырбек әлемнің үздік математигі атанды.

Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Бұл туралы qazaqstan.tv мәлімдеді.

Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

«АҚШ-та Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын.»

Дарынды оқушы жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, топ жарды.😍👍

2️⃣ Тоқаев Еуропадағы Құранды өртеу
әрекеттерін айыптады.

Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды.

Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді.

«Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс»,- деп жазылған Ақорда таратқан ресми ақпаратта.

БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек.

📌 Бұл мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін арандатушылық әрекет екенін атап өтті.

3️⃣ Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кімдерге берілетіні белгілі болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау қағидалары бекітілді.

Гранттық сыйлықтың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қоғамдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және бұрыннан бар бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету. Конкурсқа қатысуға өтініш берген 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы грантқа үміткер бола алады. Гранттың мөлшері мен мөлшерін уәкілетті орган жыл сайын белгілейді. Гранттың мерзімі бір жылдан аспайды.

Гранттар мына бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

* «Ғылым» – ғылымның басым салаларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін;
* «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді насихаттауға бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
* «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартап жобаларды енгізу және әзірлеу үшін;
* «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
* «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, соның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызық контент құру жобаларын жүзеге асыру үшін.
Грантты қалай алуға болады?
* Конкурс жеңімпазы екінші деңгейдегі банктерде жеке шот ашады және конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк шотының болуы және грантты аудару нөмірі туралы анықтаманы ұсынады.
* Екінші деңгейлі банктерде жеке шотты грантты алушы арнайы грантты аудару үшін ашады.
* Уәкілетті орган конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде грант алушы бар-жоғы туралы анықтаманы және банк шотының нөмірін ұсынғаннан кейін грант алушымен шарт жасасады.
* Бұл ретте уәкiлеттi орган бiр жыл iшiнде грант қаражатының мақсатты пайдаланылуына, оның iшiнде грант алушының ұсынған есебiне сәйкес мониторинг жүргiзедi.
* Гранттың мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда уәкілетті орган грант алушыны шарт талаптарының бұзылғаны және гранттың толық сомасын қайтару қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.
* Грант алушы хабарламаны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаражатты қайтаруға тиіс.
* Грант алушы белгіленген мерзімде қаражатты қайтармаса, олар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен өндірілуге жатады.
Бұйрық 2023 жылғы 5 тамыздан бастап күшіне енеді.

Грантты қалай жеңіп алуға болатынын білгіңіз келсе, толық сілтемге өтіңіз.👇🏻