Грант, Жалақы, Түлек. 15 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 мая, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды.

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды.
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.
Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген.

«Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады.

Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.
Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1 900 астам грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында төмендегі сілтемелер бойынша жарияланған:

1.
Баклавриат
2.
Магистратура
3.
Докторантура

Танысып шықтыңыз ба?👍

2️⃣ 2024 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы 382 279 теңгені құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім:

Атаулы мәнде — 12,3%

Нақты мәнде — 2,7%

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады.
Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ке, Алматы қаласында — 16,4%-ке, Ақтөбе облысында — 16,1%-ке, Павлодар облысында — 15,9% байқалған.

Сіздің жалақыңыз орташа есептік көрсеткішке жете ме?🤔


3️⃣ Биыл 186 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты.

“22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам бала білім мен тәрбие алды. Осы жылы 341 мыңнан астам түлек 9-сыныпты аяқтайды, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды”, — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Жас түлектерге сәттілік тілейміз!😍