Грант, Журналисттер, Дәулет Мұқаев. 27 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 Маусым, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланған.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант.
«Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 653 грант көзделген. Бұл жоба арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтқанда, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады.
Сондай-ақ оқуды тәмамдаған соң, грантты өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Бұрын мамандар грантты өзі оқыған аймақта ғана жұмыспен өтесе, енді 11 аймақта қызмет ете алады.
Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлініп отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық гранттың 60%-і техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», – деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Магистратураға 13 мыңнан аса, докторантураға 1800-ден астам грант қарастырылған.
Бакалавриат бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлудің толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Гран иегері атаныңыз!🤲🏻

2️⃣ Тоқаев журналистерге сыйлықтар мен гранттар табыс етті.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімі бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
* «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
* «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
* «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

* «Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
* «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
* «Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
* «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
* «Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
* «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
* «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
* «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

Құтты болсын!👏🏻👍

3️⃣ Дәулет Мұқаев мүгедек жандарға баспана алу бойынша талаптарды жеңілдетуді ұсынды.

Бұл туралы inform.kz мәлмдеді.

«Қазіргі кезде Қазақстанда тұратын 711 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның 420 мыңы еңбекке қабілетті болса (58%), 187,5 мыңы – зейнет жаста (26,3%) және 104,3 мыңы 18 жасқа толмаған (14,6%). Бұл азаматтарға мемлекет жағынан қажет деңгейде қолдау көрсетілмей келеді. Ашығын айтқанда, жеке баспанасын аңсап жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны жетерлік. Мемлекеттен баспана алуға арналған арнайы бағдарламалар қабылданғанымен, іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пәтер алу қиын болып тұр. Негізгі мәселе – мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылмауы. Екінші деңгейлі банкте олар төлем қабілеттілігін растай алмай жатыр. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың баспана ипотекасын рәсімдеуге қол байлау болып отыр», – деді Дәулет Мұқаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Қазақстанда 711 мыңнан астам адамның мүмкіндігі шектеулі📌