Хабиб Нурмагомедов,Ауыр атлетика, Теннис.10 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Хабиб Нурмагомедов 2 досын құтқарған 8 жастағы атыраулық Дінмұхаммед Жаңбырбайға сыйлық беріп жіберді.

Танымал спортшы Атыраудағы Batyr Ball турниріне келген. Сол кезде жүргізуші оған екі баланы құтқарған мектеп оқушысының видеосын көрсетті. 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай жұқа мұзға қарамастан, суға түсіп кеткен досын алып шықты. Ол шыққаннан кейін үшінші серігіне шығуға көмектесті.

Хабиб Нурмагомедов кішкентай баланың ерлігіне риза болды. Желіде спортшының видеосы жарияланды.
«Жарайсың дегім келеді. Балалар киіммен болды, су салқын, өте қиын. Біріншіден, психологиялық тұрғыда сол жерден кетпеудің өзі үлкен ерлік. Өз атымнан мына кітапты сыйлаймын. Бір күні кездесеміз деп үміттенемін», – деді Нурмагомедов.
Турнирге Дінмұхаммедті де шақырған. Бірақ ол келе алмады.

Спортшы кішкентай баланың ерлігіне риза болды. 🔥🔥🔥

2️⃣ Әлем чемпионатында Қазақстан ауыр атлетикадан алғашқы медальге ие болды.

73 келі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин қола медальді жеңіп алды. Ол штанганы жұлқып көтеруден 153 келіні, ал серпе көтеру кезінде 190 келіні ұстап қалды. Осылайша, жалпы есеп бойынша 323 келіні көтеріп, үшінші орынға ие болды.

Индонезиялық Рахмат Абдулла (352 келі) алтын, ал оның жерлесі Ризки Джуниансьяху (347 келі) күміс медальді алып кетті.

Айта кетері, Қазақстан мен Колумбияның уақыт айырмашылығына байланысты жарыстар түнде немесе таңғы уақытта көрсетіледі. Алда тағы бірнеше спортшымыз шығады.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Мысырда қазақстандық қыздар Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова теннис турнирінің финалына шықты.

Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF W15 сериясы турнирінің жұптық сайысында осындай нәтиже көрсетті.

Олар Алиша Рейер (Ұлыбритания)/Камилл Ромеро (Эквадор) жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Қыздарымыздың финалдағы қарсыластары сәл кейінірек анықталады.

18 жастағы Рүстемова үшін бұл ересектер турындағы екінші финал, ал 17 жастағы Сағандықова сәуір мен қазан айларында ITF W15 сериясы бойынша өткен турнирлерде финалда өнер көрсетті.

Финалға жолдама алған Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова ширек финалда Елизавета Машна мен Елизавета Морозованы жеңді.

Керемет!😍😍👍