Халық саны, Футбол, Автомобильдер. 15-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 ноября, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті.

15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға дейін 8 миллиардқа жетеді деп болжаған еді. Міне, бүгінде болжам тура келді.

Әлем халқының саны 19 ғасырдың басында алғашқы миллиардқа жетті. 120 жылдан кейін ғана жердегілердің саны екі есе өсті.

Әлемде адам санының негізгі өсуі 20 ғасырда басталды. Өлім-жітімнің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы аясында халық саны 1,6 миллиардтан 6 миллиардқа дейін өсті.

15 қараша сағат 14:00-ден бастап жер бетіндегі халық саны 8 000 000 002-ден басталады.👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Алматыда Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығарылады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев мультибрендті, яғни Changan, Chery, Haval сынды түрлі маркалы автомобильдерді шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.
Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana Motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады.

Қазіргі уақытта зауыттың іргетасы қаланып жатыр🔥🔥🔥

3️⃣ Футболдан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет әйел төрешілер қызмет етеді.

Әлем чемпионаты 20 қараша және 18 желтоқсан аралығында Катар мемлекетінде өткізіледі. Өз тарихында 22 мәрте жалауын көтергелі отырған дүбірлі додада барлығы 36 төреші қызмет етеді. Олардың қатарында Стефани Фраапар (Франция), Салима Мукасанга (Руанда) және Йошими Ямасита (Жапония) сынды әйел төрешілер бар.

Стефани Фраппар 1993 жылы дүниеге келген. 2011 жылдан бері Францияның үшінші лигасы санатындағы ұлттық чемпионатта төрешілік қызметін бастады. Ал 2014 жылы екінші лигада алғашқы әйел төреші ретінде алаңға шықты. 2015 жылы Канадада өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төрешілер қатарына қосылды. Ал 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Жазғы олимпиада ойындарында Канада мен Австралия, Оңтүстік Африка мен Бразилия кездесуінде өз міндетін атқарды. Сондай-ақ, ол 2019 жылы Францияда өткен әйелдер арасындағы АҚШ пен Нидерланды ойынында төреші болды.

Керемет!😍😍😍