Хиджаб, Футбол, Аутизм. 22 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Тамыз, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушыларға мектепке хиджаб киіп келуге болмайтынын айтты. Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Әлеуметтік желіде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың хиджабқа қатысты жауабы қызу талқыға түсті. Шенеуніктің түсініксіз жауабынан жұрт оқушы қыздарға мектепке хиджаб киюге рұқсат етілді деп түсінген.
Бүгін үкімет кулуарында журналистер Бейсембаевтан осы мәселеге соңғы нүктесін қоюды сұрады. Министр оқушылардың киіміне қатысты еш өзгеріс енгізілмегенін, балалар мектеп формасымен жүруі керек екенін атап өтті.

«Конституция бойынша Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар мектепке оқушы формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ, бәрі заң аясында. Балалар мектепке белгіленген тәртіп бойынша келуі керек», – деп мәлімдеді Бейсембаев.

Ал сіз бұл оймен келісесіз бе? 🤔

2️⃣ Елімізде енді аутизмі бар балалармен роботтар жұмыс істейді.

Қордың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұнда аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің озық әдістері, оның ішінде робот терапиясы қолданылады. Аутист балалардың көбі мұғаліммен көз түйістіруден қашып, нұсқауларды орындай бермейді. Сондықтан роботтар олардың жанына жара салмай, өмірге бейімделуге үйретеді.

Робот терапиясы кабинетінде екі робот – NAO және Mirai бар. NAO ән айтып, би билейді, ертегілер айтып, жануарларды сипаттай алады. Ал Mirai әртүрлі кейіпке еніп, мысалы дәрігер, полицей болып, өмірде болатын түрлі жағдайларға бейімделуге үйретеді.
Орталықтар Шымкент, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында ашылды. Оның әрқайсысында жыл сайын 125 балаға көмек көрсетіледі.

«Samruk-Kazyna Trust» және «Қазақстан халқына» қоры жыл соңына дейін мұндай орталықтарды Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ашуды жоспарлап отыр.

Жақсы мүмкіндік екен!🔥

3️⃣ ЕУРО-2024: Алдағы матчтарда ойнайтын Қазақстан құрамасы футболшыларының тізімі жарияланды.

Қазақстан құрамасының Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды.

Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Қақпашылар:

Игорь Шацкий (Шахтер, Қарағанды), Бекхан Шайзада (Ордабасы, Шымкент), Данил Устименко (Қайрат, Алматы), Александр Заруцкий (Астана)

Қорғаушылар:

Сергей Малый (Ордабасы, Шымкент), Темірлан Ерланов (Ордабасы, Шымкент), Нұралы Әліп (Зенит, Ресей), Бағдат Қайыров (Тобыл, Қостанай), Роман Асранкулов (Тобыл, Қостанай), Марат Быстров (Ахмат, Ресей). Александр Марочкин (Астана), Михаил Габышев (Астана), Тимур Досмағамбетов (Астана), Ян Вороговский (Астана), Еркін Тапалов (Қызылжар, Петропавл), Әлібек Қасым (Ақтөбе), Лев Скворцов (Химки, Ресей)

Жартылай қорғаушылар:

Асхат Тағыберген (Ордабасы, Шымкент), Бауыржан Исламхан (Ордабасы, Шымкент), Бақтиер Зайнутдинов (Бешикташ, Түркия), Максим Самородов (Ақтөбе), Арман Кеңесов (Ақтөбе), Аслан Дарабаев (Астана), Эльхан Астанов (Астана), Исламбек Қуат (Астана), Абзал Бейсебеков (Астана), Рамазан Оразов (Тобыл, Қостанай), Ислам Чесноков (Тобыл, Қостанай).

Шабуылшылар:

Абат Айымбетов (Астана), Владислав Прокопенко (Астана), Вячеслав Швырев (Қайрат, Алматы), Рамазан Кәрімов (Мақтаарал), Иван Свиридов (Шахтёр, Қарағанды)

Жаттықтырушылар штабы:

Магомед Адиев – бас бапкер
Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі
Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі
Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы
Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы
Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер
Эльшад Хинизов – бейнеоператор

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда
Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында екі матч өткізеді.

Футболшыларымызға сәттілік!👍