Hyundai Accent, Грек-рим күресі, Ауа-райы. 23-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда Hyundai Accent және Hyundai Creta көліктерінің өндірісі тоқтап қалды.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады, деп хабарлады Astana Motors баспасөз қызметі.

«Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан құрамдас бөлшектерді жеткізу жұмысы тоқтап қалды. Осы уақыт ішінде компания қормен жұмыс істеді, сонымен қатар Hyundai Motor Company компаниясымен басқа елдерден бөлшектерді жеткізуге шұғыл квота беру туралы келісімге келді. … Қолда бар барлық бөлшек игерілді. Жақын арада жаңа бөлшектер келеді деп жоспарланып отырған жоқ», – деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта алдағы жеткізілімдер және жаңа логистика тізбегі мәселесі пысықталып жатыр.
Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді жалғастыруды немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.
Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.

📞Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.

2️⃣ Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен U-20 жастар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Сайыс Болгария астанасы Софияда өтті.

97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ирандық Әли Рамезаналимен кездесті. Отандасымыз 4:9 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Дінмұхаммед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) Қазақстан құрамасына қола медаль әкелді.
Қошқар «қола» үшін тартыста түрік Онур Юртадан 3:2 есебімен басым түссе, Сайлау украиналық Никита Алексеевті 3:0 есебімен жеңді.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде күн жылынады. Бұл туралы казгидромет синоптиктері хабарлады.

«Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен бұлт сейіліп, күн сәулесі еліміздің солтүстік өңірлеріндегі суық ауаны жылыта бастайды», – деді синоптиктер.

Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронт әсерінен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді және тұман түседі.

Ауа температурасы күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С болады, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22 градустан +20+31°С дейін, шығысында +13+21 градустан +20 +28°С-қа дейін көтеріледі. Ал елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С болжанып отыр.

Солтүстіктен кімдер бар? Қазір ауа райы қандай болып тұр?🤔