Илон Маск,Ұлттық қор,Азық-түлік. 4 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Шілде, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастады.

Америкалық бизнесмен Илон Маск Bloomberg индексі бойынша әлемдегі ең бай 500 адамның рейтингін тағы да көш бастады.

Басылымның мәліметінше, миллиардердің байлығы 234 миллиард долларды құрайды.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Масктың байлығы 96,6 миллиард долларға өскен.

Рейтингтегі екінші орынды 200 миллиард доллар байлығымен француздық LVMH сәнді тауарлар өндірушісі Бернар Арно иеленді. Үшінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығы 154 миллиард долларды құрайды.

Әлемдегі ең бай 500 адам бірігіп, бірінші жартыжылдықта 852 миллиард доллар табыс тапты.

Оның байлығы 234 миллиард долларды құрайды.🔥

2️⃣ Азық-түлік бағасы бір жарым жылда алғаш рет төмендей бастады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді.

«Кейінгі бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Жылдық есеппен есептегенде, ЖҚТБ баға индексі 109,1 пайыз болды», – деп түсіндірді бюро.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осыған қатысты бұл күтілген дефляция екенін айтты.

«Алты айда біз долларға қатысты 3 пайызға, ал рубльге қатысты бірден 19 пайызға өстік», – деді ол Telegram-арнасында.

Ал сіз байқадыңыз ба?😮

3️⃣ Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға табыстың бір бөлігін есептеуді міндеттейтін жарлыққа қол қойды.

Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №1005 жарлыққа қол қойды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.