Илон Маск, Такси, Абай даңғылы. 9-шы шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Әлемдегі миллиардер Илон Маск Twitter-ді сатып алудан бас тарты. Бұл қосымша 44 миллиардқа бағаланған.

Масктың бұл хабарламасынан кейін Twitter акцияларының құны 6%-ға төмендеді. Ал компания келісімді бұзғаны үшін Илон Маскты сотқа бермек.

2️⃣ Шымкентте бір қолы жоқ такси жүргізушісіне әлеуметтік желі қолданушылары көлік сыйлады.

Бұл туралы Elitar.kz сайты мәлімдеді. Такси жүргізушісі осыған дейін Шымкенттегі зауыттардың бірінде жұмыс істеген. Осылайша сол жерде бір қолынан айырылады.

Алайда қиындыққа мойынсынбай отбасын асырау үшін ол көлік жүргізе бастаған. Бұл жағдайдың толық нұсқасын журанлист Мақсат Толықбай хабарлады. Оның осы ақпаратынан кейін халық қомақты қаражат жинап, оған көлік сыйлады.

Бәрекелді! 👏🏻👏🏻😍

3️⃣ Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады. 11 шілде сағат 8.00-ден 12 шілде сағат 6.00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағымен Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

«Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді ведомство өкілдері.