Instagram, ЖРВИ, Болашақ. 18 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 Ақпан, 2023


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Instagram-да жаңа функция пайда болды.

Яғни енді Instagram әлеуметтік желісінде Telegram-дағыдай арналар пайда болды. Онда хат, сурет, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндігі болады.

«Арналар» пайда болғаны туралы Meta компаниясыны4 басшысы Марк Цукерберг хабарлаған. Әлеуметтік желіде ашылған алғашқы арнаның бірі компания басшысының арнасы болған.

Кім байқады?😍

2️⃣ Қазақстанда коронавирус пен ЖРВИ жұқтырғандар саны көбейіп жатыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус пен ЖРВИ-мен ауыратындар саны өскенін айтты.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың сөзінше, кейінгі екі аптада Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өскені байқалады.

«Кейінгі аптада коронавирус 15% өсті. Бұл ретте, барлық өңір «жасыл» аймақта тұрса да, біз инфекцияның таралуын сипаттайтын R көрсеткіші 14 өңірде: Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында біреуден артық екенін байқап отырмыз” – дейді, Айжан Есмағамбетова.

Абайлап жүріңіздер!🙌🏻

3️⃣ Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді.

Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «»Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Бағдарламамен білім алу жоспарда бар ма?🙂