Интернет, Ажар Ғиният,UEFA. 4-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Тамыз, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингінде 6 саты көтерілді.

Сараптамадағы мәліметте елдегі интернет жылдамдығы бір жылдың ішінде 22% артқаны туралы жазылған. Speedtest Global Index сүйенсек, 2022 жылғы маусымда мобильді интернет жылдамдығының рейтингінде Қазақстан 6 саты көтерілді. Яғни, бір айда мобильді интернеттіңжылдамдығы 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін ұлғайды. Осылайша Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен айтарлықтай алда тұр.

Ал әлем бойынша интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы елдер Норвегия, БАӘ, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар.

Интернет жылдамдыңы расымен көңіліңнен шығып жүр ме?🤔

2️⃣ Футболдан UEFA лигасына іріктеу бойынша Қазақстандық командалардың ойынын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында 4 тамызда «Тобыл» және «Қызылжар» командалары алғашқы ойынын өткізеді.

Алдымен петропавлдық «Қызылжар» сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ойынның басталуы елорда уақытымен 23:00-ге белгіленген.

Футбол тамашалап жүрсің бе?)⚽️

3️⃣ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден қоғамдық орындарда түкіруге заң деңгейінде тыйым салу туралы сұрады.
«Еуропада мұндай нәрсе жоқ, ал бізде барлық аялдама, қоғамдық орын түкірікке толы», – деді журналистер.

Ал сен бұл ұсынысты қолдайсың ба? 👀