iPhone 14, 5 күндік оқу, Онлайн мектеп. 19-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ iPhone 14 қашан шығатыны айтылды. Нақтырақ айтсақ, Apple 7 қыркүйекте жаңа құрылғыларды таныстыру шарасын өткізілуі мүмкін.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Алайда іс-шара онлайн трансляцияда көрсетіледі.

Мұнда iPhone 14, iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондары, Apple Watch-тің үш жаңа моделі және жаңа iPad таныстырылады деп жоспарланып отыр.

iPhone 14 қыркүйектің ортасында сатылымға шығады деген болжам бар. Кейбір Apple Store қызметкерлеріне 16 қыркүйекке дайындалуға кеңес берілген.

iPhone 14 қандай болады деп ойлайсың?🤔

2️⃣ Қазақстанда онлайн мектептер мен колледждер пайда болуы мүмкін.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың мәліметінше, пандемия кезінде 3 мыңға жуық бала Ресейдің виртуальды мектептерінде оқыған.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министр пандемия білім беру жүйесі үшін үлкен бір серпіліс болғанын атап өтті.

«Әрине, онлайн оқуға әркім әртүрлі қарауы мүмкін. Бірақ біз бұл қазіргі заманның шынайылығы екенін түсінуіміз керек. Біз онлайн мектептер мен колледждер бойынша норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін шаралар қабылдағымыз келеді», – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Бұл мәселе алдын ала талқыланады. Себебі қазір интернеттің шегі мен шеті жоқ. Егер біздің балаларда онлайн колледждерде оқу мүмкіндігі болмаса, олар шекаралас немесе басқа елдерден білім алады, деп жалғастырды сөзін министр.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың мәліметінше, пандемия кезінде 3 мыңға жуық бала Ресейдің виртуальды мектептерінде оқыған.

Онлайн мектептер ашылса қалай болар екен?😶

3️⃣ Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді.

Нақтырақ айтсақ, келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер аптасына бес күн ғана жұмыс істейді.

«Келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына ауысады. Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Біз мұғалімдер сенбі күні демалуға тиіс деп санаймыз. Мұғалімдер сенбі күні өз балаларының қасында болуы керек. Бұл мектеп директорларына да, оқу меңгерушілеріне де қатысты», – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.
Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті.
«Бұл еңбек демалысына әсер етпейді. Демалыс уақыты – 56 күн өзгеріссіз қалады. Оның үстіне мен мектеп директорларына мынаны айтқым келеді: сенбі күні кейбір әріптестер әдістемелік күндер өткізіп немесе мұғалімдерді қалай да болсын мектепке шақыртып алады, менің ойымша, бұл практиканы тоқтату керек. Мұғалімдер де, директорлар да бес күн жұмыс істеуі керек», – деді ведомство басшысы.

Жақсы жаңалық екен!😍👍