iPhone 14, Дәрігерлер, Жалақы. 25-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 Тамыз, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық дәрігерлер әлемде сирек кездесетін отаны сәтті жасады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін донордың бүйрегі науқасқа салынды.

Білікті дәрігерлеріміз көбейе берсін!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Apple компаниясының iPhone 14-тің күзгі таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді.

Керемет! Сен де күтіп жүрсің бе?😍

3️⃣ Биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілген.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге, зейнетақыны ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге, ал ең төмен күнкөрiс деңгейi 37 389 теңгені құрайды. Жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге.

Жалақыны қаншаға дейін көтерген дұрыс деп ойлайсың?🤔