iPhone 14, Мұғалімдер жалақысы, Қазақ картасы. 8-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Америкалық Apple компаниясы қыркүйек айында өткен дәстүрлі тұсаукесерде iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондарын таныстырды.

Бірінші кезекте Apple Watch Series 8, Apple Watch Ultra смарт-сағаттары көрсетілді.
Өндірушілердің айтуынша, сағатқа Сrash Detection функциясы орнатылған. Ол апат болған жағдайда жедел қызметтерге өзі хабарласады, сондай-ақ халықаралық роуминг бар.
Apple Watch Ultra титан корпусты, батареясының көлемі кеңірек.
Сондай-ақ, жаңа AirPods Pro аккумуляторының сыйымдылығы артқан. Бір зарядтаған соң 30 сағат күту режиміне және 6 сағатқа дейін үздіксіз музыка тыңдауға жетеді, дейді компания.

iPhone 14 және iPhone 14 Plus экрандары 6,1 және 6,7 дюймді. Екі смартфонда iPhone 13 Pro-дағы сияқты A15 Bionic процессоры бар. Олар бес түсте ұсынылған.

Алғаш рет жаңа смартфон SIM картаға арналған слотсыз тек eSIM нұсқасында қолжетімді болуы мүмкін. Сондай-ақ, iPhone алғаш рет спутниктік байланысқа ие болды. Бірақ оны тек жедел қоңыраулар мен мәтіндік хабарламалар үшін пайдалануға болады. Бұл мүмкіндік қараша айынан бастап АҚШ пен Канадада қолжетімді болады.

Саған жаңа моделі ұнады ма?😍

2️⃣ Педагогтердің жалақысы келесі жылдан бастап тағы 25 пайызға өседі.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп пен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25 процентке өседі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 процентке көтеріліп келеді.

«Мұғалімдер жалақысының жыл сайынғы өсуі оң әсер етіп отыр. Үздік түлектер мұғалімдік қызметке келе бастады. Талапкерлердің ҰБТ-дағы орташа балы айтарлықтай өсті, педагогикалық мамандықтарға түсетін «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есеге артты», – деді Білім министрлігі қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.
Мұғалімдердің еңбекақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігіне, еңбек өтіліне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.

Жалақыға біліктілік санаты (лауазымдық жалақысының 30%-нен 50%-ке дейін), магистратураға, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы да белгіленеді.
Сондай-ақ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секциясын өткізгені үшін ай сайынғы қосымша ақы төленеді.

Жақсы жаңалық екен!👏🏻👍

3️⃣ Шетелдік кәсіпкерлерге арнап қазақ картасын ашу ұсынылды.

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова айтты.

Электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» атты форумда вице-министр Әсел Жанасова осындай жоспар бар екенін мәлімдеді.

Жанасованың айтуынша, бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.

«Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни, банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады», – деді Әсел Жанасова.

Сенің көзқарасың қалай?)