Ипотека, ҰБТ, Дзюдо.2 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 Сәуір, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстанда 7 пайыздық ипотека 1 мамырда іске қосылады.

Идустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 7 пайыздық жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарты 1 мамырда жарияланатынын мәлімдеді.

Айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Отбасы банкі» 300 миллиард теңге тартуда.

«Бұл – бағдарламаның жалпы сомасы. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шарттарын толықтай хабарлаймыз. Бағдарлама 1 мамырдан басталады», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Осы тұста, министр «Отбасы банкі» ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанын және ипотекалық несиелерді таратуда өзін жақсы көрсете білгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаның іске қосылатыны хабарланған болатын. Бағдарлама аясында 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бірқатар отбасыға үлкен көмек болмақ👍

2️⃣ ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізіледі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуге жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

Атап айтсақ, ережелерге екі тармақ қосылды.

Қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе «Қазақ тілі» ҰБТ арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылданады.
Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі.
Осылайша, «НЗМ» ДББҰ түлектерінің оқыту нәтижелерінің сыртқы бағасын айырбастау бөлігінде және «Қазақ тілі» бейіндік пәндерінің бірі ретінде таңдаған қазақ тілін меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар үшін ҰБТ балдарын түсушінің қалауы бойынша жетілдіру көзделіп отыр.

Құжат 15 сәуірге дейін кеңінен талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Қандай өзгерістер енгізілгенін қалайсыз?🤔 Пікірге жаза кетіңіз.

3️⃣ Қазақстандық балуандар пара дзюдодан Гран-при турнирінде қос қола медаль жеңіп алды.

Дзюдодан 1-3 сәуір күндері Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix бәсекесінде қазақстандық балуандар қос қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

Сондай-ақ Даяна Федосова 57 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша қола жүлдеге ие болды.

Құтты болсын!👏🏻