Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап үй жануарларының иелеріне ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі.
Бұл туралы Экология және табиғи ресрустар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.
Сонымен қатар заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.
Ал сіз чиптеп үлгердіңіз бе?🦮
2️⃣ Арыста жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі.
Бұл туралы inform.kz мәлімдеді.
Олар егін егіп, табыс табулары тиіс. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етілді.
Қаладағы жұмыссыз отбасыларға егіншілікпен айналысуға жағдай жасау мақсатында Арыс қаласында жалпы көлемі 50 гектар жер қоршалып, 2 ұңғыма қазылып, арнайы су жинайтын 60 тонналық құрылғы қойылды.
Тұрмысы төмен әр отбасыға жарты гектар (0,5) жер телімі беріледі. Нәтижесінде бұл отбасылар өзін-өзі жұмыспен қамтиды.
Жоба өз тиімділігін көрсеткен жағдайда, жер телімі 100 гектарға дейін ұлғайтылады.
Кездесуден соң облыс әкімі қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Өңір басшысының халықпен кездесуі басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.
Арыс тұрғындарына жақсы мүмкіндік!👍
3️⃣ Қазақстанда ауа температурасы бойынша жаңа рекордтар тіркелді.
«Қазгидромет» деректерінде аптап ыстықтың шарықтау шегі батыс аймақтарда – бірінші онкүндіктің аяғында, солтүстікте – екінші онкүндіктің басында, шығыста, оңтүстік-шығыста – айдың ортасында болғаны айтылады.
Дәл осы кезеңдерде температура бойынша жазбалар жазылды. Мысалы, 8 шілдеде Атырау метеостанциясында (бұдан әрі – М) ауаның ең жоғары температурасы +42°С болса, кейінгі рет осы тәуліктегі ең жоғары температура 2011 жылы байқалып, +41,9°С болды.
10 шілдеде Оралда ауаның максималды температурасы +42°С-қа дейін көтерілді, бұл күндегі ең жоғары температура 2015 жылы (+26,6°С) байқалды.
11 шілдеде Ақтөбеде ауаның максималды температурасы +42,3°C болып, 2008 жылғы бұрынғы рекордты (+41,0°C) жаңартты.
Сонымен қатар М 10-12 шілдеде Қостанайда үш күн қатарынан рекордтық деңгейге жетті, бірақ аптап ыстықтың шыңы 11 шілдеде тіркелді — (+40,5°C). Осылайша 2020 жылғы рекордты (+37,0°C) жаңартты.
Ал сіз қай өңірденсіз?🤔 Ыстыққа шыдап жатсыздар ма?