Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ Елімізде тұрғын үй сатып алу және сату мәмілелерін онлайн режимде жасауға болатын платформа іске қосылды.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Бұдан былай жылжымайтын мүлікті, үйді, пәтерді, кеңсені сатып алу әрі сату кезінде нотариусқа немесе ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
Мұндай онлайн сервиске Blockchain технологиялары және биометриялық сәйкестендіру пайдаланылады.
Министрдің айтуынша, барлық іс-әрекет пен бейнематериалдар электронды үкіметте сақталады. Нәтижесінде жұмысыңызды 1 сағат ішінде аяқтауыңызға болады.
Сонымен қатар коммуналдық шартты онлайн режимде жасауға болатын I-Qala жобасы да іске қосылады. Бұл сервис қазіргі таңда Алматыда іске қосылып жатыр.
Жаңа технологиямен енді жұмыс жеңілдейді. 👍
2️⃣ Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар өткізіп жатыр.
Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтарды бастады.
Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және желідегі парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі.
Онлайн сабақтардың барлық эфирі сақталады, оны талапкерлер кез келген уақытта көре алады.
«Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақ өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ береді. Жобаға бюджет қаражаты жұмсалмайды», — деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қосты.
Оқу жылының басында ҰТО сайтында:
тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары;
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі;
«Информатика» пәнінен терминдер тізімі;
«Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.
Ал сіз тапсырып жатсыз ба?✍🏻
3️⃣ Келесі жылы Қазақстанның 2 мыңға жуық мектебінде Илон Масктың Starlink интернетіне рұқсат берілуі мүмкін.
Келесі жылы Қазақстанда Илон Масктың Starlink интернетіне рұқсат берілуі мүмкін.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдемесі бойынша, қазір Starlink компаниясымен пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба арқылы 10 ауылдық мектеп қосылады. Ал жарты жылда 2 мың мектепті қосу жоспарда бар.
Министр осы өзгерістерді енгізу үшін пилотты жобаны жүзеге асырып жатқанын, оның шеңберінде заңнамаға енгізілуі тиіс нормалар әзірленетінін жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Starlink технологиясын қолдануға заң жүзінде рұқсат берілмеген.
Бұл бойынша интернет жылдамдығы өте әлсіз, секундына 4 мегабит мектептер таңдалады.🔥