😌 Бүгін БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік үйлесімді конфессияаралық қатынастар апталығы басталады. Жыл сайын 1-7 ақпан аралығында БҰҰ барлық мемлекетті ерікті негізде конфессияаралық келісім мен ізгі ниет идеяларын қолдауға шақырады. Бұл күні дүниежүзіндегі мешіттер, шіркеулер, синагогалар және басқа да ғибадат үйлері іс-шара орталығына айналуы қажет. Қазақстандағы конфессияаралық келісімді қарым-қатынас – Тәуелсіздігіміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі екенін айта кеткен жөн.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🫢 1 ақпан “Құпия сөзді өзгерту” күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда транзакциялардың көпшілігі онлайн режимде жүзеге асады. Осы тұста біздің жеке және құпия ақпараттарымызды оңай бұзуға болады. Сондықтан құпия сөздерді өзгерту арқылы онлайн деректеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бүгін бос уақыт тауып, жеке деректеріңізді өзгертіп шығыңыз.
🔥 1 ақпан тәтті құмар жандар халықаралық десерт күнін атап өтеді. Бұл өнім әлемнің барлық асханасынан табылады. Олардың пайда болуының өз тарихы бар. Тіпті алып-қашпа аңыздар да айтылады. Басым көпшілігі әйгілі тарихи тұлғалардың есімдерімен байланысты. Әр өнімнің бейресми мерекесі болғандықтан, тәтті тағамдардың танымалдығы кең етек жайды. Сондықтан бұл күн жылына екі рет тойланады.
Сіздің сүйікті десертіңіз қандай?
🙌 1 ақпан қазақтың атақты екі тұлғасы дүниеге келді. 90 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнісов (1934-2006) дүниеге келді. Ол — романдардың, әңгіме жинақтарының және 17 пьесаның авторы. Жазушының 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ көшпелілерінің әлеуметтік өмірін, тұрмысын, әдет-ғұрпын айшықты бейнелейтін әрі әйгілі ақын туралы жазылған “Ақан сері” романы көпшілікке белгілі. Сонымен қатар бүгін сазгер, әнші, ұстаз Алтынбек Қоразбаев 76 жасқа толды. Ол қазақстандықтар сүйіп оқитын “Қара кемпір”, “Бозторғай”, “Жиырма бес”, “Үшқоңыр”, “Сарыарқа”, “Елге сәлем” және т.б көптеген әннің авторы. 24 жасында әнші Роза Рымбаева, Валентина Толкунова және әйгілі «Музарт» тобы орындаған «Сағындым Алматы» әнін жазды.
Сізге Алтынбек Қоразбаевтың қай әні ұнайды?