🌍Бүгін БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік дінаралық қатынастар апталығы басталады. Жыл сайын 1-7 ақпан аралығында БҰҰ барлық мемлекетті дінаралық үйлесімділік пен ізгі ниет идеяларын ерікті түрде қолдауға шақырады. Бұл апта аясындағы негізгі іс-шаралар мешіттерде, шіркеулерде, синагогаларда және басқа да ғибадат үйлерінде өтеді. Айта кетейік, Қазақстандағы дінаралық үйлесім – Тәуелсіздігіміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
⚡️1 ақпанда “Құпия сөзді өзгерту күні” аталып өтеді. Бүгінде қаржы операцияларының басым бөлігі онлайн жүзеге асады. Сондықтан жеке және құпия деректердің қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Хакерлік шабуылдардан сақтанудың бір жолы – уақытылы құпиясөзді жаңарту. Бүгін бос уақыт тауып, жеке деректеріңізді өзгертіп шығыңыз.
🍮1 ақпанда тәтті құмар жандар халықаралық десерт күнін атап өтеді. Бұл өнім әлемнің барлық асханасынан табылады. Олардың пайда болуының өз тарихы бар. Тіпті алып-қашпа аңыздар да айтылады. Басым көпшілігі әйгілі тарихи тұлғалардың есімдерімен байланысты. Әр өнімнің бейресми мерекесі болғандықтан, тәтті тағамдардың танымалдығы кең етек жайды. Сондықтан бұл күн жылына екі рет тойланады.
Сіздің сүйікті десертіңіз қандай?
👥1 ақпан — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. 91 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнісов (1934-2006) дүниеге келді. Ол — романдардың, әңгіме жинақтарының және 17 пьесаның авторы. Жазушының 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ көшпелілерінің әлеуметтік өмірін, тұрмысын, әдет-ғұрпын айшықты бейнелейтін әрі әйгілі ақын туралы жазылған “Ақан сері” романы көпшілікке белгілі. Сонымен қатар бүгін сазгер, әнші, ұстаз Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толды. Ол қазақстандықтар сүйіп оқитын “Қара кемпір”, “Бозторғай”, “Жиырма бес”, “Үшқоңыр”, “Сарыарқа”, “Елге сәлем” және т.б көптеген әннің авторы. 24 жасында әнші Роза Рымбаева, Валентина Толкунова және әйгілі «Музарт» тобы орындаған «Сағындым Алматы» әнін жазды.
Сізге Алтынбек Қоразбаевтың қай әні ұнайды?