«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 ноября, 2023


💃1 қараша — Халықаралық балет күні. Балет — сахналық өнердің бір түрі. Мұнда музыка, би, театр, драма және кескіндеме бір арнада тоғысады. Сонымен қатар актерлік шеберлік пен хореографияны біріктіреді. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 1935 жылы Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында балет бөлімі ашылған кезде пайда болды. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. Бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында балет театрлары жұмыс істейді. 

Сіз балетке соңғы рет қашан бардыңыз?

😼Қарашаның бірінші сәрсенбісі күйзеліс туралы хабардар ету күні аталып өтеді. Мазасыздық оң немесе теріс болуы мүмкін. Көп жағдайда адамда күйзелістің екінші түрі кездеседі. Бұл шаршау мен күштің сарқылуына жол беріп, денсаулыққа нұқсан келтіреді. Ұзақ мерзімді күйзеліс көптеген аурудың пайда болуына әрі оның өршуіне әкеледі. Ал одан алдын алу үшін мамандар тұрақты түрде салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Алайда күйзелістен толық айығып кету мүмкін емес екенін есте ұстанған жөн. Сондықтан оларға әрдайым төтеп беруге дайын болыңыз.

🥸Бүгін дүниежүзілік вегетариандар күні. Вегандықтар – вегетариандықты қатты ұстанатын адамдар. Себебі олар ет, сүттен бөлек жануарлардан өндірілетін басқа заттар мен қоспаларды тұтынудан бас тартады. Сонымен қатар былғарыдан, жүннен және жібектен жасалған киімдерді мүлдем кимейді. Қала берді жануарларға сыналған кез келген өнімдер мен дәрі-дәрмектерге де қатаң тыйым салынады. Біздің заманымыздың ең танымал вегетарианшылары ретінде Клинт Иствуд, Натали Портман, Пол Маккартни сынды жұлдыздарды ерекше атап өтуге болады. 

 

Сіз ет өнімдерінсіз өмір сүре аласыз ба?

💄1 қараша өмірге келгег танымал әйелдер. Бүгін қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін әлем чемпионы Майя Манеза 38 жасқа толды. Спортшы дүнген ұлтынан. Қырғызстанда дүниеге келіп, бірнеше жыл Бейжіңде өмір сүреді. 2007 жылы ол Қазақстан құрамасына шақырылды. 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаны допинг қолданғаны үшін 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды. Сондай-ақ бүгін актриса әрі модель, 1994 жылғы Әлем аруы Айшвария Рай 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол негізінен өз еліндегі фильмдерде ойнайды. Бірақ актрисаны Голливудтың «Невеста и предрассудки” және “Принцесса специй” фильмдерінде ойнағынан да атап өту керек. Айшварияның тал мүсіні Мадам Тюссо мұражайына қойылған алғашқы үнді әйелі.

#күнтізбе #1қараша #күйзеліс #балет