«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 ноября, 2024


💃1 қараша — Халықаралық балет күні. Балет — сахналық өнердің бір түрі. Мұнда музыка, би, театр, драма және кескіндеме бір арнада тоғысады. Сонымен қатар актерлік шеберлік пен хореографияны біріктіреді. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 1935 жылы Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында балет бөлімі ашылған кезде пайда болды. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. Бүгінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында балет театрлары жұмыс істейді. 

Сіз балетке соңғы рет қашан бардыңыз?

🤍Бүгін дүниежүзілік вегетариандар күні. Вегандықтар – вегетариандықты қатты ұстанатын адамдар. Себебі олар ет, сүттен бөлек жануарлардан өндірілетін басқа заттар мен қоспаларды тұтынудан бас тартады. Сонымен қатар былғарыдан, жүннен және жібектен жасалған киімдерді мүлдем кимейді. Қала берді жануарларға сыналған кез келген өнімдер мен дәрі-дәрмектерге де қатаң тыйым салынады. Біздің заманымыздың ең танымал вегетарианшылары ретінде Клинт Иствуд, Натали Портман, Пол Маккартни сынды жұлдыздарды ерекше атап өтуге болады. 

 

Сіз ет өнімдерінсіз өмір сүре аласыз ба?

☕️1 қараша – Кофе тұнбасына қарап бал ашу күні. Бұл болашақты болжау әдісі шамамен 7 ғасыр бұрын Шығыста пайда болған деседі. Сондықтан бал ашуға арналған кофені көбіне түрікше әзірлейді. Кофе тұнбасындағы бейнелер арасында пішіндер, сандар, әріптер, үйлер, жануарлар, өсімдіктер, табиғат белгілері және басқа да символдар кездеседі. Оларды түсіндіруге арналған көптеген жинақ бар. Бүгінде кофе тұнбасымен бал ашудың көптеген түрі бар. Алайда негізгі қағидасы ұқсас, яғни кофені дайындап, шағын жұтымдармен ішіп отырып, ойша өз мәселеңізге назар аудара отырып, толғандырған сұраққа жауап алуға болады.

Ал сіз болашақты болжауға сенесіз бе?

👥1 қарашада өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін әлем чемпионы Майя Манеза 39 жасқа толды. Спортшының ұлты — дүнген. Қырғызстанда дүниеге келіп, бірнеше жыл Бейжіңде өмір сүрді. 2007 жылы ол Қазақстан құрамасына шақырылды. 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаны допинг қолданғаны үшін 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды. Сондай-ақ бүгін актриса әрі модель, 1994 жылғы Әлем аруы Айшвария Рай 51 жасын атап өтеді. Ол негізінен өз еліндегі фильмдерде ойнайды. Бірақ актрисаны Голливудтың «Невеста и предрассудки” және “Принцесса специй” фильмдерінде ойнағынан да атап өту керек. Айшварияның тал мүсіні Мадам Тюссо мұражайына қойылған алғашқы үнді әйелі.