«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 октября, 2024


👀1 қазанда БҰҰ-ның бастамасымен Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке қоғамның зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың мәселесіне назар аудару мақсатында ұйымдастырылған. Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам зейнеткер өмір сүреді. Ендеше қарттарымыздың ұзақ өмір сүруі үшін олардың өмірінің сапасына, жан-жақты әрі қызықты болуына бірлесе отырып жағдай жасауымыз қажет.

 

Қарияларымызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 

 

 

🎤1 қазан — Қазақстан радиосының қызметкерлері күні. Радиохабарымыздың тарихы 1921 жылдың қазан айында басталды. Қазақ радиосы 

сол кезеңдегі Қазақстанның астанасы Орынбордан алғашқы хабарын таратты. Ал қазақ тіліндегі тұңғыш сөз 1927 жылы 23 наурызда айтылды. Бүгінде Қазақстанда 30-дан астам радиостанция FM диапазонында хабар таратады.

 

Қай радионы жиі тыңдайсыз?

 

🎼1 қазанда меломандар Халықаралық музыка күнін атап өтеді. Музыка адамдарды толыққанды өмір сүруге шабыттандырып, алға ұмтылуға және жақсылық жасауға күш береді. Ғалымдар жайлы музыканың арқасында өсімдіктер тез өсетінін, ал сиырлар көбірек сүт беретінін дәлелдеді. Сондай-ақ спорттық жаттығулар кезінде музыка төзімділікті арттырады. Қала берді әлсіз балалардың денсаулығы жақсарып, жылдам жетіледі. Сонымен қатар тыңдайтын әуенге сәйкес жүрегіміз де соғады. 

 

Сізге қандай музыка ұнайды?

 

 

☕️1 қазан халықаралық кофе күні де аталып өтеді. «Кофе» сөзі араб тіліндегі «Qahhwat Al-bun» сөзінен шыққан. Бұл «бұршақтан жасалған шарап» деген мағынаны білдіреді. Кофе — судан кейін ең көп тұтынылатын екінші сусын. Сондықтан әлемде күн сайын шамамен 3 миллион кесе кофе қайнатылады. Кофе тұтыну метаболизмді 3% — дан 11% — ға дейін тездететіні дәлелденген. Мерекеге орай, көптеген кофехана қонақтарына тегін кофе ұсынады. Сонымен қатар арнайы жеңілдіктер жасап, әлеуметтік желідегі оқырмандарына арнайы купондар береді.

Сізге қай сусын ұнайды: кофе немесе шай?

 

#күнтізбе #1қазан #радио