«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 мая, 2025


🗣1 мамыр – Ұлттық бірлік күні. Қазіргі таңда Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілінің жылы қонысына айналды. Ел аумағында тұратын түрлі этностар өздерінің ұлттық салт-дәстүрін, мәдениеті мен рухани болмысын сақтауға толық мүмкіндік алды. Ұлт мәселесін даналықпен шешу – елімізді ірі қақтығыстар мен алауыздықтан аман алып қалды. Бүгінде Қазақстанда ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрметке, сенім мен түсіністікке негізделген берік қарым-қатынас қалыптасты.

 

Бірлік күні құтты болсын!

 

 

💪1 мамырда емдік массаж күні аталып өтеді. Қазіргі таңда адам өмірі күйзеліске толы. Осы тұста, емдік массаж түрлі физиологиялық ауыртпалық пен денедегі психологиялық блоктарды жоюға көмектеседі. Сол себепті бүгін арнайы массажға жазылып, денеңізге күтім жасап үлгеріңіз!

Егер массаж жасайтын таныстарыңыз болса, оларды кәсіби мерекесімен  құттықтап қойыңыз! 

🤝2019 жылдың 1 мамырында “Әміре” фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде «Үздік көркем фильм» және “Үздік актер” аталымдары бойынша қос жүлдеге ие болды. Аты аңызға айналған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев (1988-1934) — Еуропа жұртшылығына домбыраны және қазақтың ұлттық вокалдық өнерін алғаш болып таныстырған тұлға. Ол 1925 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік музыка байқауында өнер көрсетіп, күміс медаль иеленген. Әміренің сахнадағы бейнесін шебер сомдаған — актер Санжар Мади.

Айта кетейік, 2018 жылы бұл фильм Голливуд кинофестивалінде Silver Screen Award жүлдесін де жеңіп алған болатын.

Фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=3gIqu_PfigQ

 

👏Бүгін пошталық марканың пайда болған күні. 1840 жылдың 1 мамырында Лондон поштасында патшайым Викторияның бейнесі бейнеленген алғашқы пошта маркалары сатылымға шықты. Кейін бұл ерекше пошта ақысының белгісі әлемнің барлық елінде қолданысқа енді.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы пошта маркасы 1992 жылдың 20 наурызында жарық көрді. Онда “Алтын адам” бейнеленді.