«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 Мамыр, 2023


🤝1 мамыр – Ұлттық бірлік күні. Қазіргі таңда Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Елімізде тұратын өзге этностардың барлық тобы өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен болмысын сақтауға мүмкіндік алды. Ұлт мәселесінің оңтайлы шешімі ұлтаралық күрделі қақтығыстардың алдын алуға көмектесті әрі елде этносаралық қатынастар дамыды.

 

Бірлік күні құтты болсын!

🫴 Сонымен қатар бүгін емдік массаж күні аталып өтеді. Қазіргі таңда адам өмірі күйзеліске толы. Осы тұста түрлі физиологиялық ауыртпалықтар мен психологиялық блоктар денедегі ауыртпалықтарды жоюға көмектеседі. Сол себепті бүгінгі күн арнайы сеансқа жазылып, денеңізге күтім жасаудың таптырмас мүмкіндігі. 

Егер массажист таныстарыңыз болса, оларды кәсіби мерекесімен  құттықтап қойыңыз!

🎬 2019 жылдың 1 мамырында «Әміре» фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде «Үздік оқиғалы фильм» және “Үздік актер” жүлделеріне ие болды. Аты аңызға айналған қазақ теноры – Әмір Қашаубаев (1988-1934) Парижде өткен Дүниежүзілік музыка байқауында алғаш болып домбыра мен қазақтың вокал және орындаушылық өнерін Еуропа жұртшылығына таныстырып, күміс жүлдегер атанды. Фильмде өнер иесінің ролін – Санжар Мәди тамаша сомдап шықты. Ал 2018 жылы туныды Голливуд кинофестивалінде «Күміс экран» жүлдесін жеңіп алды. 

 

Фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=3gIqu_PfigQ

🎫 Бүгін филателистер пошта маркасының туған күнін атап өтеді. 1840 жылы 1 мамырда Лондон пошта бөлімшесінде Виктория патшайымның портреті бар алғашқы пошта маркалары сатылымға шығарылды. Кейіннен бұл арнайы пошта маркасын барлық ұлттық пошта қызметтері шығарып, сата бастады. Тәуелсіз Қазақстанның алтын адам бейнеленген алғашқы пошта маркасы 1992 жылы 20 наурызда айналымға шықты.