«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 июня, 2025


👀1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке тек балаларға ғана емес, ересектерге де ұнайды. Себебі дәл осы күні Қазақстанның әр қаласында таңертеңнен кешке дейін түрлі көңілді шаралар, концерттер, ойын-сауық бағдарламалары өткізіледі. Сонымен қатар бұл күн – жаздың, демалыс пен каникул маусымының басталғанын білдіретін белгі іспетті. Балалар мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде “Баланың өмір сүру құқығын қорғайық” деген ұранмен өтеді. Оның мақсаты – тек бүлдіршіндерді қуантумен шектелмей, қоғам назарын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне аудару.

👤Бүгін — Дүниежүзілік ата-аналар күні. Өйткені бала тәрбиесі мен қорғаны ең алдымен отбасыда қалыптасады. Ал ата-ана – сол отбасының жүрегі мен тірегі. Баланың қандай ортада өсетіні – олардың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бұл мереке ата-ананың махаббаты мен қамқорлығы, түсіністік пен қолдау секілді отбасылық құндылықтарды дәріптеуді көздейді. Адам тұлғасы тек жылы қарым-қатынас пен сүйіспеншілікке толы ортада ғана толық қалыптасады.

Ата-анаңызды бүгінгі мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!

 

 

👀Бүгін фантастика жанрының жанкүйерлері Суперменнің туған күнін атап өтеді. 1938 жылы 1 маусымда жазушы Джерри Сигель мен суретші Джо Шустер Криптон планетасының кейіпкері туралы алғашқы комиксті шығарды. Жердегі ата-анасы оған Кларк Кент деген есім береді. Ол әділдік пен жауапкершілікке негізделген мызғымас ұстанымдарымен ерекшеленеді. Сол себепті де оны сүйіп оқитын жанкүйерлері әлемде өте көп. Балалар бұл күні Суперменнің бетпердесін тағып, костюмдерін киіп, сүйікті кейіпкеріне деген махаббатын білдірсе, ата-аналар олардың қуанышы үшін Супермен бейнеленген ойыншықтар мен сыйлықтар алып жатады.

 

Сізге супер қаһармандардың қайсысы ұнайды?

 

👥1 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін америкалық актер және режиссер Морган Фриман 88 жасқа толды. Ол “Оскар”, “Күміс аю” және екі мәрте “Алтын глобус” сыйлығының иегері. Мансап жолында 90-ға жуық фильмде басты рөлді сомдады. Сондай-ақ өнер иесі өзінің сабырлы терең дауысымен әрі әңгіме айту шеберлігімен танымал. Сонымен қатар бүгін қазақстандық әнші әрі продюсер Алмас Кішкенбаев 40 жас мерейтойын атап өтеді. Ол көптеген қазақстандық және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және қатысушысы. Әнші Superstar KZ бірінші маусымында жеңіске жетіп, дүйім жұртқа танылды.

Сізге Алмастың қай әні ұнайды?