«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 марта, 2024


🙏 Барша оқырманды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз! 

Бүгін — елімізде алғыс айту күні. Қазақстан — көпұлтты мемлекет болғандықтан, бұл күннің тарихы тереңде жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, 1930 жылдың аяғында республикаға КСРО-ның бірқатар халқы қоныс аударды. Олардың қатарында негізінен поляктар, корейлер, немістер, гректер және т.б. болды. Ал 1950 жылы бір миллионға жуық орыстар, белорустар, украиндар көшіп келді. Аталмыш күні қиын-қыстау кезеңде қуаныш пен қайғыны бөлісіп, панасына алған қазақ халқы мен жеріне өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.

👄 1 наурыз — Дүниежүзілік қошемет сөздер айту күні. Аталмыш мереке жас пен жыныс талғамайды. Сондықтан мақтау сөздерді кез келген адамға айта аласыз. Бұл күннің басты мақсаты — өзге адамның жүзіне қуаныш сыйлау. Шынайы айтылған қошемет сөз  адамның жаңа шабыт пен энергия алуына көмектеседі.

Сіз өзге адамға қошемет сөз айтқанды ұнатасыз ба? Әлде тек өзіңізге айтылғанын қалайсыз ба?

👃 Бүгін — Дүниежүзілік иммунитет күні. Латын тілінен аударғанда “иммунитет”  сөзі — “бір нәрседен құтылу” деген мағынаны білдіреді. Бұл күн дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2002 жылдан бері тойланып келеді. Оның мақсаты — әртүрлі иммундық аурулардың таралуымен байланысты проблемаларға қоғамның назарын аударып, иммунитетті сақтау және нығайтуға бағытталады. Иммунитет – бұл дененің қарсылық білдіру қабілеті. Иммундық жүйе бөгде жасушаларды, түрлі инфекциялар мен вирустарды бейтараптандырады. Содан соң оларды жойып жібереді.

👥 1 наурыз екі атақты тұлғаның туған күні. Бүгін испандық актер әрі қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген қоғам белсендісі Хавьер Бардем 55 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және Канн кинофестивалінің лауреаты атанған. Мансап жолында 40-тан астам фильмге түсті. 2018 жылдан бастап ол Антарктиданы қорғап келген Greenpeace белсенділерінің бірі.  Сонымен қатар бүгін канадалық поп-R&B әншісі, композитор, музыкант, актер Джастин Бибер 30 жас мерейтойын атап өтеді. Әнші продюсерлердің назарын YouTube-ке жүктелген видеосы арқылы аудартады. Яғни, анасы оның ән айтқан туындысын әлеуметтік желіге жүктейді. Қазіргі таңда Бибердің 300 миллион доллары болса да, ол 30 жасқа дейінгі ең бай адамдардың тізімінде тұр. Сондай-ақ ол бірнеше беделді марапаттың иегері әрі он төрт кәсіби жүлдесімен Гиннестің рекордтар кітабына енді. 

Сізге Хавьер Бардемнің қай фильмі ұнайды?