🌛Бүгін – көктемнің алғашқы күні, қасиетті Рамазан айы басталды! Ораза тұту — мұсылман қауымының бес парызының бірі. Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. Дәстүр бойынша, дәл осы айда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түскен, сондықтан Рамазан қасиетті ай саналады. Ал қадір түні 26-нан 27 наурызға қараған түні өтеді. Сондай-ақ мұсылмандар мұқтаж жандарға пітір садақасын беруі керек. Қазақстан халқының 70%-ы – мұсылман. Ал Ораза айт 30 наурызда басталады.
Сіз биыл Ораза ұстайсыз ба?
🫲Бүгін елімізде алғыс айту күні аталып өтеді. Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Сондықтан бұл күннің тарихы тереңде жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, 1930 жылдың аяғында республикаға КСРО-ның бірқатар халқы қоныс аударды. Олардың қатарында негізінен поляктар, корейлер, немістер, гректер және т.б. болды. Ал 1950 жылы бір миллионға жуық орыс-белорус және украин халқы көшіп келді. Аталған күні өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде қуаныш пен қайғысын бөлісіп, панасына алған қазақ халқы мен жеріне алғыс айтады.
👀Бүгін — Дүниежүзілік иммунитет күні. Латын тілінен аударғанда “иммунитет” — “бір нәрседен құтылу” деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым ағзаның зақымданған жасушалар мен бөгде заттардан қорғануын білдіреді. Бірақ бүгін өз денсаулығыңызға зиян келтіретін әдеттерден бас тартып көріңіз: майлы тағамдардан, ұзақ уақыт қозғалыссыз жатудан және алкогольден. Ағзаңызға қамқорлық жасаңыз – ол сізге алғысын білдіреді!
👥1 наурыз — екі атақты тұлғаның туған күні. Бүгін испандық актер әрі қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген қоғам белсендісі Хавьер Бардем 56 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және Канн кинофестивалінің лауреаты атанған. Мансап жолында 40-тан астам фильмге түсті. 2018 жылдан бастап ол Антарктиданы қорғап келген Greenpeace белсенділерінің бірі. Сонымен қатар бүгін канадалық поп-R&B әншісі, композитор, музыкант, актер Джастин Бибер 31 жасын атап өтеді. Әнші продюсерлердің назарын YouTube-ке жүктелген видеосы арқылы аудартады. Яғни, анасы оның ән айтқан туындысын әлеуметтік желіге жүктейді. Ол 300 миллион доллар табысымен 30 жасқа дейінгі ең бай адамдардың тізіміне енген. Сондай-ақ ол бірнеше беделді марапаттың иегері әрі он төрт кәсіби жүлдесімен Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сізге Хавьер Бардемнің қай фильмі ұнайды?