«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 марта, 2023


☑️ Барша оқырманымызды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз! 

Бүгін — елімізде алғыс айту күні. Нақтырақ айтсақ, қиын-қыстау кезеңде қуаныш пен қайғыны бөлісіп, панасына алған қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Иә, Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Тарих беттеріне жүгінсек, 1930 жылдың аяғында республикаға КСРО-ның бірқатар халқы қоныс аударды. Олардың қатарында негізінен поляктар, корейлер, немістер, гректер және т.б. болды. Ал 1950 жылы бір миллионға жуық орыстар, белорустар, украиндар көшіп келді. 2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз — Алғыс айту күні деп жарияланғаны туралы жарлыққа қол қойды. Алғыс айту күні-тоталитарлық режим саясатының нәтижесінде Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болған түрлі этностардың мыңдаған өкілдерін паналаған қазақ жері мен халқына алғыс білдіретін күн.

 

☑️ 1 наурыз — Дүниежүзілік қошемет сөздер айту күні. Аталмыш мерекеде мақтау сөздерді кез келген адамға айтуға мүмкіндік бар. Яғни, жас пен жыныс талғамайды. Бұл күннің басты мақсаты — өзге адамның жүзіне қуаныш сыйлау. Шынайы қошемет сөз — адамның жаңа шабыт пен энергия алуына көмектеседі.

Сізге өзге адамға қошемет сөз айту ұнай ма? Әлде өзіңізге айтылғанын қалайсыз ба?

☑️ Бүгін — Дүниежүзілік иммунитет күні. Латын тілінен аударғанда «иммунитет»  сөзі — «бір нәрседен құтылу» дегенді білдіреді. Бұл күн дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2002 жылдан бері тойланып келеді. Оның мақсаты — әртүрлі иммундық аурулардың таралуымен байланысты проблемаларға қоғамның назарын аударып, иммунитетті сақтау және нығайту. Иммунитет – бұл дененің қарсыласу қабілеті. Иммундық жүйе бөгде жасушаларды, түрлі инфекциялар мен вирустарды бейтараптандырады. Содан соң оларды жойып жібереді.

☑️ 1 наурыз екі атақты тұлғаның туған күні. Испандық актер әрі қоршаған ортаны қорғап жүрген белсенділердің бірі — Хавьер Бардем 54 жасқа толды.  Сонымен қатар ол Оскар және Канн кинофестивалінің лауреаты. Өзінің мансап жолында 40-тан астам фильмге түсті. 2018 жылдан бастап ол Антарктиданы қорғап келген Greenpeace белсендісі.  

Сонымен қатар бүгін канадалық поп-R&B әншісі, композитор, музыкант, актер — Джастин Бибер 29 жасқа толды. Ол продюсерлердің көзіне YouTube-ке жүктелген видеосы арқылы көзге түседі. Яғни, анасы оның ән айтқан видеосын жүктеп салады. Қазіргі таңда Бибердің 300 миллион доллары болса да, ол 30 жасқа дейінгі ең бай адамдардың тізімінде тұр. Сондай-ақ бірнеше беделді марапаттың әрі Гиннестің он төрт кәсіби рекорд иегері. 

Сізге Хавьер Бардемнің қай фильмі ұнайды?