🙈1 сәуір – күлкі мен әзілге толы ерекше күн. Бұл мереке ресми күнтізбеге енбесе де, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен тойланады. Осы күні жасалған әзілдер мен қалжыңдар адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырады. Мысалы, 2013 жылы Google компаниясы “Google Nose” атты жаңа қызметтің іске қосылғанын жариялайды. Олар аталған технология иістерді тікелей пайдаланушы құрылғысына жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Көптеген адам жаңа қызметті сынап көру үшін сілтемеге өткен, алайда олар шынайы хош иістің орнына 1 сәуірге арналған қалжың хабарламасын алған.
Егер сіз де қызықты оқиғалардың куәсі болсаңыз, бөлісе отырыңыз.
🐦⬛️1 сәуірде халықаралық құстар күні аталып өтеді. Аталған күннің мақсаты – құстардың түрлері мен көп түрлілігін сақтау. Бүгінде әлем бойынша 10 мыңға жуық құс түрі бар, алайда олардың 1200-ден астамы Қызыл кітапқа енген. Яғни, әрбір сегізінші құс түрі жойылу қаупінде тұр. Ғалымдар егер құстар жоғалып кетсе, оның экологиялық тепе-теңдікке ауыр зардаптары болатынын ескертеді. Мұндай өзгерістердің салдары адамзат үшін де күтпеген қиындықтарға алып келуі мүмкін.
Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👀Бүгін доллардың пайда болған күні. 1778 жылы 1 сәуірде Оливер Поллок есімді көпес америкалық валютаға $ таңбасын беруді ұсынды. Оны бухгалтерлік кітапшаларындағы кіріс мөлшерін белгілеу үшін пайдаланды. Содан бері доллардың сыртқы дизайны үнемі өзгеріп отырды. Онда ер адамдар, ел президенттері, тіпті бір рет Вашингтонның жұбайы да бейнеленді. Банкноттың бірінші түсі қара болды. Бірақ оларды қолдан жасау оңай болғандықтан, жасыл түске өзгертілді. Сонымен қатар масондық Ұлы мөр бірде жоғалып, қайта пайда болды. Тек $ белгішесі әрдайым өзгеріссіз қалды.
Ал сіз теңге белгісін кім ойлап тапқанын білесіз бе?
👥1 сәуірде өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 100 жыл бұрын дирижер, композитор, домбырашы, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) дүниеге келді. Өнер иесі “Алтын таулар” операсының, “Достық жолымен” балетінің, “Ата толғауы”, “Аққу” оркестрлік поэмаларының, 40-қа жуық ән мен романстардың авторы. Сонымен қатар ол 100 спектакльге, көркем фильмдерге, деректі және анимациялық фильмдерге ән шығарды.
Сонымен қатар бүгін орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 32 жасқа толды. Жәнібек – әуесқой бокста Азия және әлем чемпионы атанып, кәсіби рингте бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол орта салмақтағы әлемдегі ең үздік 5 боксшының қатарына кіреді.