«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 Сәуір, 2023


🤪1 сәуір – күлкі күні. Бұл мереке күнтізбеде арнайы түрде белгіленбеген. Алайда ол көптеген елде тойланатын халықаралық мереке болып келеді. Әзіл аралас ойындар адамдарға жарқын эмоция мен ерекше көңіл күй сыйлайды. Мысалы, 2013 жылы Google иістерді пайдаланушының құрылғысына тікелей жібере алатын жаңа Google Nose қызметінің «іске қосылғанын» жариялады. Адамдар батырманы басып, хош иістің орнына 1 сәуірге арналған құттықтауды қабыл алды.

 

Егер сіз де қызықты оқиғаларды білсеңіз, бөлісе отырыңыз.

 

🕊 Сонымен қатар бүгін – Халықаралық құстар күні. Аталмыш күннің мақсаты – құстардың түрлері мен көп түрлілігін сақтау. Бүгінгі таңда әлемдік фауна құстарының 10 мыңға жуық түрінің 1200-ден астам түрі немесе ғаламшардағы құстардың әрбір сегізінші түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Ғалымдар құстар жойылып кетсе, экологиялық апат пен оның адам үшін зардаптарын болжау мүмкін еместігін ескертеді.

 

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

💸 Бүгін – доллардың пайда болған күні. 1778 жылы 1 сәуірде Жаңа Орлеандық көпес – Оливер Поллок американдық валютаға $ таңбасын ұсынды. Оны бухгалтерлік кітапшаларындағы кіріс мөлшерін белгілеу үшін пайдаланды. Содан бері доллардың сыртқы түрі үнемі өзгеріп отырды. Онда ер адамдар, ел президенттері тіпті бір рет – Вашингтонның жұбайы да бейнеленді. Банкноттың бірінші түсі қара болды. Бірақ оларды қолдан жасау оңай болғандықтан, жасыл түске өзгертілді. Масондық Ұлы мөр жоғалып, қайта пайда болды. Тек $ белгішесі әрдайым өзгеріссіз қалды. 

Ал сіз теңгенің символын кім ойлап тапқанын білесіз бе?

👥1 сәуір өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 98 жыл бұрын дирижер, композитор, домбырашы, Қазақстанның халық әртісі – Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) дүниеге келді. Өнер иесі «Алтын таулар» операсының, «Достық жолымен» балетінің, «Ата толғауы», «Аққу» оркестрлік поэмаларының, 40-қа жуық ән мен романстардың авторы. Сонымен қатар ол 100 спектакльге, көркем фильмдерге, деректі және анимациялық фильмдерге ән шығарды. 

Бүгін орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы – Жәнібек Әлімханұлы 30 жасқа толды. Талантты спортшы әуесқойлар арасында Әлем және Азия чемпионы атанды. Ол қазір WBO нұсқасы бойынша кәсіпқой әлем чемпионы. Сонымен қатар әлемде ең үздік орта салмақтағы ТОП-10 боксшысының қатарына енді. 

 

13 мамыр күні Жәнібектің Свивен Батлермен жекпе-жегін тамашалайсыз ба?