🤓1994 жылы 1 шілдеде егемен Қазақстанның тарихында маңызды оқиға болды. Аталмыш күні Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Ол өзімен бірге ғарышқа Қазақстанның туын, бір уыс жерінің топырағын және барша мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранды алып кетті. Ал 1994 жылы 4 қарашада ол Жерге оралды. Мұсабаев ғарышқа тұңғыш аттанған қазақ болды.
Қазақ ғарышкерлерінің қайсын білесіз?
🤩1643 жылы 1 шілдеде қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлік үшін күресен Орбұлақ шайқасы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған қазақтар Батыр Қонтайшының қалың әскерін талқандады. Жоңғарлардың Қазақ хандығын басып аламыз деген жоспары іске аспай, жеңіліс табады. 1993 жылы Орбұлақ шайқасы болған жерге мемориалдық ескерткіш орнатылды.
🤩1994 жылы 1 шілдеде Алматыда қазақ батыры Райымбек бейітінің басына кесене ашылды. Райымбек Түкеұлы (1705-1785) — қазақтарды жоңғар басқыншыларынан азат ету кезінде аты аңызға айналған күрескер әрі Абылай хан қолбасшыларының бірі. Кесене ерекше пішінге ие. Оның жанына Райымбек батырды жерлейтін кезде орын таңдаған түйенің мүсіні орнатылған. Адамдар кесенеге азат етуші жауынгердің рухына тағзым ету үшін ғана емес, киелі жер болғандықтан да келеді. Яғни, адамдар дұға етіп, денсаулық сұрайды. Сонымен қатар жас жұбайлар той күні келіп, құран бағыштайды.
😎1 шілде — күннен қорғайтын көзілдіріктің пайда болған күні. Түтін кварцты линза аксессуарын ежелгі Қытайда куәгерлер мен айыпталушылардан көздерін жасырғысы келген сот орындаушылары қолданған. Күннен қорғайтын көзілдіріктің алғашқы өнеркәсіптік өндірісі Францияда жүзеге асты. Наполеон оны Африкада әскери жорық жүргізу кезінде арнайы өз әскеріне тапсырыс берді. Көзілдірік әйнегі күйемен жабылып, оның үстіне лак жағылды. 1929 жылы Polaroid компаниясы ультракүлгін сәулелерден қорғайтын “авиатор” тәрізді линзаларды ұсынды. Осы уақыттан бастап көзілдірік ешқашан сәннен кетпейтін аксесуарға айналды.
Сіз күннен қорғайтын көзілдірік тағасыз ба?