«Үйде жатпа» күнтізбесі. 1 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 сентября, 2023


✍️1 қыркүйек – Халықаралық білім күні. Дәстүр бойынша, бұл күні мектеп оқушылары салтанатты жиынға әдемі киімдерін киіп, ұстаздарына арнап күзгі гүл шоқтарын әкеледі. Салтанатты сап пен бірінші сынып сағаты – білімнің адам өміріндегі маңызы мен рөлін көрсететін жаңа оқу жылының ашылуына арналған мерекелік іс-шара. Өткен жылдан бастап республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Білімге, еңбекқорлық пен патриотизмге ұмтылу» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілуде.

Баршаңызды білім күнімен құттықтаймыз!


💪1 қыркүйек көршілес мемлекетте де ұлттық мереке аталып өтеді. Бүгін Өзбекстан Республикасында – Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 31 тамызда Ташкентте Республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп, онда Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Осылайша, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің мәлімдемесі қабылданып, 1 қыркүйектегі тиісті қаулымен Тәуелсіздік күні болып бекітілді.

Егер таныстарыңыздың арасында өзбектер болса, оларды мерекесімен құттықтай аласыз!


😱1939 жылы 1 қыркүйекте Германия қарулы күштерінің Польшаға шабуылы адамзат тарихындағы ең ірі қарулы қақтығыс Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болды. Қан майданға 74 мемлекеттің 62-сі қатысты. Олар жер шары халқының 80 пайызын құрады. Соғыс Еуропа, Азия және Африка аумағында және барлық мұхитта жүргізілді. Бұл ядролық қару қолданылған — жалғыз қақтығыс. Соғыс салдарынан 70 миллионнан астам адам қаза тапты. Олардың көпшілігі — бейбіт тұрғындар.


👥1 қыркүйек екі шығармашылық тұлғаның туған күні. Бүгін қазақ кино актрисасы Самал Еслямова 39 жасқа толды. Ол посткеңестік кеңістіктегі Канн кинофестивалінің “Үздік әйел рөлі” сыйлығын алған алғашқы актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері сонымен қатар Азия кино академиясы сыйлығының иегері. Сондай-ақ бүгін корей әншісі, ән жазушы әрі продюсер Чон Джонгук 26 жасын атап өтеді. Ол ең танымал оңтүстік кореялық BTS балалар тобының ең жас мүшесі және басты вокалисті. Оған өткен жылы әлем чемпионатының әнұранын орындау әлемдік даңқ әкелді.

Сіз қандай қазақстандық K-Pop тобын білесіз?