👀1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Аталмыш аурудан бірнеше жылдар бойы қаншама адам ажал құшуда. Бүгінде әлем бойынша 37 миллион адам АИТВ жұқтырған. Оның 30 мыңнан астамы Қазақстанда тұрады. АИТВ-мен ауыратын адамдардың негізгі жас тобы 15 пен 49 жас аралығында. Көп жағдайда ЖИТС жыныстық жолмен немесе инъекция арқылы беріледі.
Өзіңізге және жақындарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!
👩⚕️1 желтоқсанда Халықаралық неврологтар күні аталып өтеді. Қазақстанда бұл дәрігерлерді невропатологтар деп атайды. Алайда бүкіл әлемде аталмыш атау қолданыстан шыққан. Өйткені жүйке жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Неврология тарихы ежелгі ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Олардың арасында Гиппократ пен Ибн Сина болды. Неврологияның қарқынды дамуы XIX ғасырда етек алып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Дәрігерлер жүйке жүйесін сақтаудың ең жақсы жолы – салауатты өмір салтын ұстану дейді.
Егер таныс невропатологтарды білсеңіз, міндетті түрде кәсіби мерекемен құттықтап қойыңыз!
🥳1935 жылы 1 желтоқсанда Қазақстандағы ең көне — Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры құрылды. Өнер ордасы жұмыс барысында Түркия, Иран, Қытай, Чехия, Ресей елдеріндегі қуыршақ театрларының халықаралық байқаулары мен фестивальдерінің дипломдарымен марапатталды. Театр талантты актерлердің, қуыршақ-шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің, декораторлардың, реквизиттердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп келеді. Олардың көпшілігі театр мен жалпы қуыршақ өнеріне бүкіл өмірін арнап, жан-тәнімен берілген.
Сіз театрға соңғы рет қашан бардыңыз?
🤩Бүгін Алматы метросы 13 жылдығын атап өтеді. Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитен 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Ал оның құрылыс жұмысына 20 жылдан астам уақыт кетті. Алматы метросы 11 станциядан тұрады. Пайдалану ұзындығы — 13,4 км. Жұмыс күндері 8 минут сайын 7 құрам, ал қалған уақытта 15 және 12 минут аралығында 5 құрам қатынайды. Метро күн сайын шамамен 86000 жолаушыны тасымалдайды. Жол кептелісінің артуына байланысты, метродағы жолаушылар саны да артып келеді.
Сіз метроны жиі қолданасыз ба?
#күнтізбе #1желтоқсан