«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 Ақпан, 2024


Бүгін қарағадылықтар қала күнін атап өтуде. 1934 жылы 10 ақпан күні Қарағанды кеншілер қонысына ресми түрде қала мәртебесі берілді. Бүгінде Қарағанды 500 мыңнан астам адам тұратын Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі. 

Оқырмандарымызды Қарағанды қаласынык күнімен құттықтаймыз!

👍Бүгін ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі тойланады. Ай қысқы күн тоқырауынан кейін толық циклін аяқтайды. Қарапайым тілмен айтқанда, жаңа ай туады. Бұл – Шығыс Азия халқы үшін ең маңызды әрі ең ұзақ тойланатын мейрам. Көбі оны Қытай жаңа жылы деп атайды. Аталмыш ел бұл күнді 4000 жылдан бері тойлап келеді. Олар мерекеге орай 15 күн демалады.

🔥 Ақпанның әр екінші сенбісі дүниежүзілік кино күні аталып өтеді. 1895 жылы 13 ақпанда ағайынды Люмьерлер әлем бойынша алғаш рет қозғалатын бейнеге патент алады. Аталмыш күн олардың өнерге қосқан үлесі үшін арнайы мереке есебінде белгіленді. Осы жылдың желтоқсанында өнертапқыштар Парижде «Пойыздың Ла-Сиотаға келуі» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырып, «Кинематограф» жұмысын көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Ағайындылар 1895 жылдан 1946 жылға дейін 1800-ден астам туынды жасады. Олар қазір Француз синематигінің мұрағатында сақтаулы.

Сіздің сүйікті фильміңіз қандай?

👥10 ақпан дүниеге келген танымал адамдар. 80 жыл бұрын Венгр түркологы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының негізін қалаушылардың бірі Мандоки Иштван Қоңыр (1944-1992) дүниеге келді. Ол Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын, сондай-ақ түркі тілдес халықтар фольклоры мен әдебиетінің басқа да шығармаларын венгр тіліне аударған. Оны қазақ-ғұндардың тілі мен этнографиясының параллельді болып келуі қызықтырды. Мандоки Иштван Қоңыр Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі, актер әрі продюсер Айқын Төлепберген 42 жасқа толды. Ол SuperStar KZ телешоуы мен “Жаңа толқын” байқауы арқылы танымал болды. Содан бері Айқын халық арасында қазақ және орыс тілдерінде кең тараған әндерді орындап келеді. Сондай-ақ ол Сосо Павлиашвили, Мақпал Исабекова және басқа да танымал әншілермен бірге дуэт құрды. “Менің сақинам қайда?” және “Наурыз” фильмінде басты рөлді сомдады.

Сізге Айқынның қай әндері ұнайды?