«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 января, 2024


👮‍♀️Бүгін — ҚР Ұлттық ұлан күні. Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі бұл әскери бөлім 1992 жылы 10 қаңтарда ІІМ Ішкі әскерлері құрылған тәуелсіздік кезеңінен бастау алады. Ұлттық ұланның негізгі міндеттері — жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардан қорғау. 

Егер Ұлттық ұланда қызмет ететін таныстарыңыз болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қоюды ұмытпаңыз.

👣10 қаңтар — Ерекше адамдар күні. Стандартты емес шешім қабылдай алатын адамдар әртүрлі жаңалық ашуға құмар болып келеді. Осы тұста жаңа нәрсені ойлап тауып, ескілікті жою үшін адамға батылдық пен ерекше талант қажет екенін атап өткен жөн. Олар көбіне әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін үлкен құрбандыққа барып жатады. Мысалы, Галилей Галилео — жер өз осінен айналады деген теориясынан бас тартуға мәжбүр болды. Тағы бір итальяндық Джордано Бруно гелиоцентрлік жүйеге сенгені үшін өмірін қиды. Сол кезеңде оларды есінен адасқандар деп айыптаса, бүгінгі күні данышпан ретінде әлем тұрғындарының аузында.

👀161 жыл бұрын әлем бойынша Лондонда алғашқы метро желісі іске қосылды. 1890 жылдан бастап метролар электр қуатына ауыстырылған бу тартқышпен жұмыс істеді. Уақыт өте келе бұл қоғамдық көлік кең танымалдыққа ие болды. Себебі адамдардың уақытын үнемдеп, кептелістің алдын алды. Бүгінде 50-ден астам елдің 200-ге жуық қаласында метро жұмыс істеп тұр. Ал елімізде алғашқы әрі жалғыз метро 2011 жылы ашылды.

 

Сіз метрополитенді жиі қолданасыз ба?

 

👥10 қаңтар қос тұлғаның өмірге келген күні. 277 жыл бұрын Швейцариядан шыққан француз сағат шебері Абрахам-Луи Бреге (1747-1823) дүниеге келді. Ол сағат жасау саласында үлкен жетістікке қол жеткізіп, әлем эталонына айналды. Сонымен қатар Breguet брендін құрды. Шебер сағат механизмін жетілдірумен және механика мен физикадағы көптеген маңызды жаңалықтарымен танымал. Ал 108 жыл бұрын қазақтың тарихи жазушысы, әйгілі “Көшпенділер” және “Алтын Орда” трилогияларының авторы Ілияс Есенберлин (1915-1983) өмірге келді. Ол қазақ әдебиетінде Қазақ хандығының ең қиын кезеңдері, сондай-ақ Алтын Орданың билігі мен құлдырауы кезіндегі тарихи материалдарды алғаш рет жүйеге келтірген. “Көшпенділер” романы шамамен 3 миллион таралыммен әлемнің 30 тілінде жарық көрді. 

Сізге қай трилогия ұнады: «Көшпенділер» немесе «Алтын Орда»?