☘️10 мамырда дүниежүзілік “Денсаулық үшін қозғалыс күні” аталып өтеді. Қозғалыстың жеткіліксіздігі ағзамыздағы күрделі биохимиялық және физиологиялық үдерістердің қалыпты жүруіне кері әсер етеді. Бұл жағдай жас ұлғайған сайын күшейе түседі. Сондықтан адам әр мүмкіндікті пайдаланып, қозғалыста болуы қажет. Тек денеге арналған жаттығулар мен күнделікті спорт жүрек бұлшықетінің қалыпты болуын қамтамасыз етіп, адамды көптеген аурудан алдын алады.
Белсенді өмір салтын сақтаңыз және ауырмаңыз!
🌝2001 жылы 10 мамырда Астанада қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және әскери қайраткері Кенесары Қасымұлына (1802-1847) арналған ескерткіш ашылды. Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары ел тәуелсіздігін сақтау жолында Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтары мен қырғыздарға қарсы күрес жүргізді. Абылай ханның немересі бастаған бұл көтеріліс 1837 жылы басталып, қазақ халқының ең ұзақ әрі ауқымды қарсылығы ретінде тарихта қалды. Кенесарының 1847 жылы көтерілісте жеңіліске ұшырап, қаза табуы Ресей империясына қазақ жерін толықтай бағындырып, Орталық Азияға терең енуіне жол ашты.
📚Бүгін — Германияда кітап күні. 1933 жылы 10 мамырда Берлинде және Германияның басқа қалаларындағы алаңда нацистік режимге қарсы гуманист жазушылардың кітаптарын өртеп жіберген айуандық әрекет орын алды. Осы кезде оқиға орнына елдегі барлық жоғары оқу орынның студенттері мен оқытушыларының қатысуы талап етілді. Бұл күннің мақсаты дүниежүзіндегі миллиондаған адамға фашизмнің шынайы бет-бейнесін еске түсіріп, мұндай “оттың” болашақта қайталанбауын талап етеді.
💪Бүгін Халк 63 жасқа толды. 1962 жылы 10 мамырда Marvel Comics компаниясы Брюс Бэннер есімді ғалым туралы алғашқы комиксті жарыққа шығарды. Осы күннен бастап жасыл алып Халк әлемдегі ең танымал кейіпкерлердің біріне айналды. Оның бейнесі фильмдерде, мультфильмдер мен бейнеойындарда кеңінен қолданылады. Ресми сипаттамаға сәйкес, Халктың бойы — 229 см, салмағы — 522 кг, ал көтере алатын салмағы — 150 миллиард тоннаға дейін жетеді.
Сізге “Кек алушылар” тобының қай қаһарманы ұнайды?