«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 Мамыр, 2023


💊10 мамыр – Дүниежүзілік “Денсаулық үшін” қозғалыс күні аталып өтеді. Қозғалыстың болмауы – денеміздегі күрделі биохимиялық және физиологиялық процестердің ағымына теріс әсер ететіні белгілі. Жас ұлғайған сайын аталмыш процесс шиеленісе түседі. Сондықтан адамға әр мүмкіндікте қозғалу керек. Тек дене жаттығулары мен спорт жүрек бұлшықетінің қалыпты болуын қамтамасыз етіп, адамды көптеген аурулардан алдын алады. 

 

Белсенді өмір салтын сақтаңыз және ауырмаңыз! 

🎊 2001 жылы 10 мамырда Астанада қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және әскери қайраткері – Кенесары Қасымовтың (1802-1847) ескерткіші ашылды. Қазақ хандығының соңғы ханы Ресейге, Қоқан, Хиуа хандықтарына, қырғыздарға қарсы күрес жүргізіп, тәуелсіздігімізді сақтап қалды. Оның Ресей империясына қарсы тұруы 1837 жылы басталды. Бұл қазақ халқының ұзаққа созылған ең ірі көтерілісі болды. Кенесарының 1847 жылы қайтыс болуы әрі көтерілісте жеңіліске ұшырау – Ресейге қазақ жерлерін толығымен бағындырып, Орталық Азияға ілгерілеудің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік берді. 

📖 Бүгін – Германияда кітап күні. 1933 жылы 10 мамырда Берлинде және Германияның басқа қалаларының алаңында нацистік режимге қарсы гуманист жазушылардың кітаптарын өртеп жіберген айуандық әрекет орын алды. Осы кезде оқиға орнына елдегі барлық жоғары оқу орынның студенттері мен оқытушыларының қатысуы талап етілді. Бұл күннің мақсаты дүниежүзіндегі миллиондаған адамға фашизмнің шынайы бет-бейнесін еске түсіріп, мұндай «оттың» болашақта қайталанбауын талап етеді.

💪 Бүгін – Халк 61 жасқа толды. 1962 жылы 10 мамырда Marvel Comics доктор Брюс Баннер туралы алғашқы комиксті шығарды. Содан бері үлкен жасыл адам әлемдегі ең танымал кейіпкерлердің біріне айналды. Оның бейнесі фильмдерде, мультфильмдерде және бейне ойындарда белсенді қолданылады. Халктың бойы – 229 см, салмағы – 522 кг. Мәліметтерге сүйенсек, ол 150 миллиард тоннаны көтере алады.

Сізге “Кек алушылар” кейіпкерлерінің қайсы ұнайды?

#күнтізбе #10мамыр #халк #кітапкүні #денсаулық