🔥1998 жылы 10 маусым күні Қазақстан Республикасының жаңа елордасы — Астананы ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1999-2005 жылдары бұл күн қаланың туған күні ретінде аталып өтеді. 2006 жылдан бастап Астана күні ресми түрде 6 шілде күні тойланады. Бұл — мемлекеттік күн. Елорданы Алматыдан Астанаға (Целиноград, бұрынғы Ақмола) көшіру идеясы алғаш рет 1994 жылы Парламент отырысында айтылды. 1997 жылы Президент астананы көшіру туралы тиісті жарлыққа қол қойды.
🫰10 маусым – Дүниежүзілік қолөнер күні. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, технологияның дамуына байланысты бүгінде қолөнердің 200-ге жуық түрі жойылып үлгерді. Дегенмен ортағасырлық шеберлердің ұрпақтары әлі күнге дейін халық аспаптарын жасап, керамика, кесте тігу және басқа да қолөнер түрлерімен айналысады. Ағаштан, балшықтан, былғарыдан және басқа да табиғи материалдан жасалған бұйымдар дүниежүзіндегі адамдардың жүрегінен ерекше орын алды. Әр елде сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрін қастерлеп, жаңғыртқан шеберлер бар.
Егер таныстарыңыздың арасында қолөнершілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🍦Бүгін — Дүниежүзілік балмұздақ күні. 1786 жылы 10 маусымда АҚШ-та ересектер мен балалардың сүйікті тәттісіне арналған жаппай сатылым басталды. Халық арасында Марко Поло Қытайдан Еуропаға балмұздақ мәзірін әкелді деген болжам бар. Француз аспазшысы Жерар Тирсен 17 ғасырдың аяғында сүт пен кілегей қосылған мұздатылған ванильді кремнің мәзірін жасады. Оны «неаполитандық балмұздақ» деп атады. Бірақ балмұздақ өнертабысына патентті Англия тұрғыны Нэнси Джонсон алды. Ол қаржы тапшылығына байланысты оны американдықтарға сатуына тура келді.
Сізге балмұздақтың қай түрі ұнайды?
✍️Бүгін түйіршікті қаламның пайда болған күні. 1943 жылы 10 маусымда түйіршікті қаламды АҚШ тұрғыны Милтон Рейнольдс патенттеді. Дегенмен заманауи қаламды венгр журналисі Ласло Биро 1931 жылы ойлап тапты. Өкінішке қарай, патент жүйесі жетілмегендіктен, ол тек Венгрия мен Аргентинада қаламға патентті тіркей алды. Бироның өнертабысы адамдардың өмірін жеңілдете білді. Олар дарынды жазушыны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алады. Ласлоның құрметіне, ағылшын тілінде түйіршікті қалам — biro, ал Аргентинада оны «birome» деп атайды.