«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 июня, 2025


👋1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Бұл – еліміздің жаңа саяси, мәдени және экономикалық орталығының әлемге ресми таныстырылған күні еді.

1999–2005 жылдары бұл күн қаланың туған күні ретінде аталып өтті. Ал 2006 жылдан бастап 6 шілде – Астана күні болып, мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.

Астананы көшіру туралы алғашқы ой 1994 жылы Парламент отырысында айтылып, 1997 жылы Президенттің арнайы жарлығымен жүзеге асты. Бұрынғы Целиноград, кейінгі Ақмола – бүгінде жаңа Қазақстанның айбынды символына айналды.

💪10 маусым – қолөнер шеберлерінің еңбегін дәріптейтін күн. ЮНЕСКО дерегінше, технологияның дамуымен бірге 200-ге жуық дәстүрлі қолөнер түрі жойылып кеткен. Десе де, ата-баба мұрасын жалғаған қолөнершілер әлі де бар: олар халық аспаптарын жасайды, қыш күйдіреді, кесте тігіп, ағаш пен былғарымен жұмыс істейді. Hand made бұйымдары – табиғи материалдардан жасалған ерекше өнер туындылары. Олар – тек зат емес, әр ұлттың тарихы мен руханиятының көрінісі. Әр елде өз өнерін сақтап, жаңғыртып жүрген шеберлер бар.

Егер таныстарыңыздың арасында қолөнершілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

 

👀Бүгін — Дүниежүзілік балмұздақ күні. 1786 жылы осы күні АҚШ-та алғаш рет балмұздақ жаппай сатыла бастады. Аңызға сенсек, Еуропаға балмұздақтың алғашқы нұсқасын Марко Поло Қытайдан әкелген. XVII ғасырда француз аспазшысы Жерар Тирсен сүт пен кілегейден дайындалған ванильді мұздатылған крем ойлап тауып, оны “неаполитан балмұздағы” деп атаған. Алайда балмұздақ жасаушы құрылғыға патентті ағылшын әйелі – Нэнси Джонсон алды. Өкінішке қарай, қаржы тапшылығынан ол бұл жаңалығын америкалықтарға сатуға мәжбүр болды. 

Сізге балмұздақтың қай түрі ұнайды? 


✍️Бүгін түйіршікті қаламның пайда болған күні. 1943 жылы 10 маусымда түйіршікті қаламды АҚШ тұрғыны Милтон Рейнольдс патенттеді. Дегенмен заманауи қаламды венгр журналисі Ласло Биро 1931 жылы ойлап тапты. Өкінішке қарай, патент жүйесі жетілмегендіктен,  ол тек Венгрия мен Аргентинада қаламға патентті тіркей алды. Бироның өнертабысы адамдардың өмірін жеңілдете білді. Олар дарынды жазушыны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алады. Ласлоның құрметіне, ағылшын тілінде түйіршікті қалам — biro, ал Аргентинада оны “birome” деп атайды.